ойын сауық отауы
Күңгірт түспен ойға батып
23.09.2016 1 321 0 Дауыл

Күңгірт түспен ойға батып

Өлеңдер
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері

КҮҢГІРТ ТҮСПЕН ОЙҒА БАТЫП
Күңгірт түспен ойға батып,
Орындыққа отырған.
Жүрек қаны сыртқа атып,
Бет аузынан оқылған.
Бек мұңайып айтты көз:
«Үмітсізбін» деген сөз.

Өңін тартқан ішіне,
Ызғарлы толқын ойлары.
Қарағын келмес түсіне,
Толқынға батқан бойлары.
«Шыныммен болдым саған қор»
Деп көрінісі айтып тұр.

Болып қана сыртқа ашық,
Күлейін деп ойлайды.
Іштегі түтін кеп басып,
Онысына қоймайды.
Үмітті көңіл шегініп,
Жылатады егіліп.

Дәмеленіп, үміт тосып,
Көңіл қайда лепірген?
Сағынып, ойлап, тулап шошып,
Жүрек қайда секірген?
Амалсыз қазір суыған,
Жылылық жоқ жуыған.

ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке

Соғыстың кесірі Соғыстың кесірі
Неше қыршын жастардың Кеудесінен оқ өтіп, Ауыздарынан қан кетіп, Ішіне тартылып көздері,
Партияшыға Партияшыға
Бай едің өз алдыңа шаруа баққан, Шалықтап, шалқып сөйлеп, шалқақ қаққан Ойладың, осы малдың арқасында Мен-дағы атансам деп бір жез таққан.
Маңайымнан әрмен кет Маңайымнан әрмен кет
Маңайымнан әрмен кет, Жанды қуыршақ, арам ет. Білдірместен астыртын Алдап едің көз құртын, Құр бояма қызыл бет.
Жұмақ Жұмақ
Кең сарай — ұғуынша жұрттың жұмақ Бар мұсылман жиналып сонда тұрмақ. Ұйқы жоқ, ас ішу жоқ, махаббат жоқ, Не қылған «қызық тірлік» біткен қурап!
Асыл сөз Асыл сөз
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе. Адамдықты көздесең, Жат тоқып ал көңілге.
Алты аяқ Алты аяқ
Тұңғиық, түпсіз ашулы, Асау теңіз толқыған. Бойымды топырақ басулы — Жүре алмаймын, жол тұман!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×