ойын сауық отауы
Алты аяқ
23.09.2016 1 930 0 Дауыл

Алты аяқ

Өлеңдер
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері

Алты аяқ
Тұңғиық, түпсіз ашулы,
Асау теңіз толқыған.
Бойымды топырақ басулы —
Жүре алмаймын, жол тұман!
Теңізден қайтіп өтермін,
Түссем, батып кетермін!

Алдымдағы өлімнен,
Міндім қайық көз жұмып.
Адастым қазір жөнімнен,
Қайығым да һәм сынық.
Айрылдым және күректен,
Тек жан шықпай жүректен.

Ызғарлы суық, үсті мұз,
Толқын тулап соғады.
Қатты көңіл, қайрымсыз —
Су қайыққа толады.
Енді өлмеген не қалды?
Қоясың қайда бұл жанды!

Талқандаймын тәніңді —
Деп қамалар су халқы.
Қия алмастан жанымды,
Жыладым сонда мен жалқы:
Ем іздеп дертті халыққа,
Жем болдым - ау балыққа!

Таудай толқын тағы кеп,
Ұшты қайық аспанға.
Әзірейіл тұр «болшы»,— деп,
Қайда барам қашқанда?
Жан таластым тұншығып,
Бір батып суға, бір шығып.

Міне сол уақытта:
Алтайдан бір тал, білмеймін,
Түсті неғып қолыма?
Кез қылды ма құдайым,
Ажалсыздың жолына.
Талдан ұстап қармалап,
Судан шықтым «аллалап».

Суық өткен, шаршаған,
Бола ма адам, болмай ма?
Соққы жеген қаншадан,
Дауасы яки қонбай ма?
Дауа тегін, ем тегін,
Қайтарт, алла, еңбегін.

ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке

Көл жағасында Көл жағасында
Ай қарады көгілдір көл бетіне, Қыз қарады көлдегі келбетіне. Қосылды да, қос сәуле құшақтасты, Мөлдір толқын төсінде тербетіле.
Тұңғиық түпсіз астында Тұңғиық түпсіз астында
Тұңғиық түпсіз астында Су сабалап, суды тіліп, Көк теңізде келе жатты бір кеме. Бір мезгілде түсі суық Бір қара бұлт көкке ойнақтап, Шыға келіп,
Күңгірт түспен ойға батып Күңгірт түспен ойға батып
Күңгірт түспен ойға батып, Орындыққа отырған. Жүрек қаны сыртқа атып, Бет аузынан оқылған.
Солай Солай
Бұдан бөлек қай жерден ем таба алам Тіптен менің кеткім жоқ емханадан Көре - көре жалыққам мен қаладан, Жүре - жүре шаршағам кең даладан
Бұтақ Бұтақ
Айтшы, бұтақ, қай жаққа, Жолың болсын, жүзесің? Толқыннан таудай қорықпастан, Теңізді түпсіз кезесің!
Шын айт Шын айт
Гулейді дария, Гүрілдейді дария, Бетінде толқын ойнайды. Көбігін шашып, Көргенді басып, Жолында жан қоймайды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×