ойын сауық отауы
Жылы ұямыз
29.09.2016 1 604 0 Дауыл

Жылы ұямыз

Өлеңдер
Тайыр Жароков (1908 - 1965)

Жылы ұямыз
ҚАЗПИ бір өзіміздің жылы ұямыз,
Төбесін көрсек сырттан жылынамыз.
Төрінен ұшырған сан өлең қусын,
Келмесек сағынамыз жылына біз.
Мектептес туыстастарды көріп содан,
Сырласа, тіл қатыса жымиямыз...
Шертісіп шәкірт кездің пернелерін
Жөнейміз жүзіп өмір жырына біз.
Аспаны да аласа
Құмның көрсең сен мұнда
Аспаны да аласа,
Шақ қуламай күн құмға
Тұрғандай - ақ қарасаң.
Өскен құмның қоңында
Талдары да таласа,
Осы да бар ойымда,
Мұнысы да тамаша.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 «а» сынып оқушысы Бисенбаева Жаннұр

Тек таңғала қарайды Тек таңғала қарайды
Тек таңғала қарайды Жапырақ жұлып жаутаңдап, Тәкаппарсып түйелер, Жүр жатуға жай таңдап,
Мезгіл Мезгіл
Мінезіңді кім білген Жүйрік мезгіл қызықсың, Жас кезімде мен жүрген Құмға басқа із сызыпсың.
Жақсы екен Жақсы екен
Құм жолы асфальт емес қой, Кездеседі дөңес, ой, Мінгеніміз сұр газик, Тоқтауды ол білместей, Заулайды көз ілеспей, Дөңгелегі құм қағып.
Нарын түні Нарын түні
Сары иық Нарын құмының Күзгі түні тартты ызғар, Жарығы ай нұрының Жерден ине тапқызар.
Суық қолға сұқтырма Суық қолға сұқтырма
Қой терісін жамылып, Бөлтірігі қасқырдың Арадан қалса табылып, Тапжылдырмай басқа ұрғын.
Сауатыңды аш Сауатыңды аш
Ғасыр бойы тұман басқан, Мұңдыларды мұнар басқан, Жұмысшы тап теңдік алып, Көзін ашқан, ұрандасқан.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×