ойын сауық отауы
Анаграммалар №3
01.10.2016 2 895 0 Дауыл

Анаграммалар №3

Өлеңдер
Ескен Елубаев

«С» - дан бастасаң,
Балықтың аты.
«Қ» - дан бастасаң,
Үйдің заты. (Сазан - қазан)

«Б» - дан бастасаң –
Аң, таяқ батпайтын.
«Т» - дан бастасаң,
Ыдыс, сусын сақтайтын. (Борсық - торсық)

«М» - дан бастасаң –
Ай аты.
«Қ» - дан бастасаң,
Илеп оны жаяды. (Мамыр - қамыр)

Ұ – дан бастасаң –
Көлігің қанатты.
О - дан бастасаң –
Даярлық жер тамақты. (Ұшақ - ошақ)

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Метаграммалар №1 Метаграммалар №1
«К» әрпінен бастасаң, Ұстаның құрал - сайманы. «К» - ны алып тастасаң, Жеміс - жидек пайдалы. (Көрік - өрік)
Метаграммалар Метаграммалар
Түп нұсқа – Лас жер сасық. Екі шеткі әрпін қысқартсаң, Қырынан тұрған асық. (Шалшық - алшы)
Анаграммалар №2 Анаграммалар №2
«Б» - дан бастасаң – Киетін киім, «Б» - ны алып тастасаң – Жеміс теретін. (Бөрік - өрік)
Анаграммалар №1 Анаграммалар №1
«Т» - дан бастасаң – Жейтін тамақ. «Қ» - дан бастасаң – Қару - жарақ. (Талқан - қалқан)
Анаграммалар Анаграммалар
«С» - дан бастасаң – Сұйық мөлдіреген. «Т» - дан бастасаң – Маңдайшада желбіреген. (Су-Ту)
Тағдырмен бетпе - бет Тағдырмен бетпе - бет
Хабар жоқ саған кеткен елшілерден, Ей, Тағдыр! Сөйлесейік, келші бермен. Қаншама соқпақтарға бастасаң да, Сенімен сөйлесуді ерсі көрмен.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×