ойын сауық отауы
Метаграммалар №1
01.10.2016 4 669 0 Дауыл

Метаграммалар №1

Өлеңдер
Ескен Елубаев

«К» әрпінен бастасаң,
Ұстаның құрал - сайманы.
«К» - ны алып тастасаң,
Жеміс - жидек пайдалы. (Көрік - өрік)

Түп нұсқа –
Теңіз ол ірі.
Екі шеткі әрпін қысқартса –
Сандардың бірі. (Балтық - алты)

Түп нұсқа –
Халықтың аты.
Екі шеткі әрпін қысқартса –
Ауылдың қарты. (Татар - ата)

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Метаграммалар №2 Метаграммалар №2
Түп нұсқа – Шышы баланың. Екі шеткі әрпін қысқартса – Бірі бағаның (Кекіл – «екі»)
Метаграммалар Метаграммалар
Түп нұсқа – Лас жер сасық. Екі шеткі әрпін қысқартсаң, Қырынан тұрған асық. (Шалшық - алшы)
Анаграммалар №3 Анаграммалар №3
«С» - дан бастасаң, Балықтың аты. «Қ» - дан бастасаң, Үйдің заты. (Сазан - қазан)
Анаграммалар №2 Анаграммалар №2
«Б» - дан бастасаң – Киетін киім, «Б» - ны алып тастасаң – Жеміс теретін. (Бөрік - өрік)
Анаграммалар №1 Анаграммалар №1
«Т» - дан бастасаң – Жейтін тамақ. «Қ» - дан бастасаң – Қару - жарақ. (Талқан - қалқан)
Анаграммалар Анаграммалар
«С» - дан бастасаң – Сұйық мөлдіреген. «Т» - дан бастасаң – Маңдайшада желбіреген. (Су-Ту)
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×