ойын сауық отауы
Тікен - гүлін қорғайды
02.10.2016 14 895 2 Дауыл

Тікен - гүлін қорғайды

Өлеңдер
Балалар ақыны Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері

Терек - бүрін қорғайды,
Тікен - гүлін қорғайды,
Ара - балын қорғайды,
Құлан - қағын қорғайды,
Киік - лағын қорғайды,
Шағала - көлін қорғайды,
Шопан - төлін қорғайды,
Егінші - жерін қорғайды,
Ер жігіт - елін қорғайды.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Боранқұл селосы, Боранқұл орта мектебі
4 сынып оқушысы Бозаев Мейрамбек
Мұғалімі Нурекешова Тойган


Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері

Нан қиқымын шашпаңдар Нан қиқымын шашпаңдар
Нан – ардақты адал ас Кәрі, жас одан аттамас. Ақ дастархан үстінде, Қол жумай оны ұстамас.
Кім неге барсын? Кім неге барсын?
Тіл алғыш бала нанға барсын, Тілазар бала талға барсын. Тілі тәтті бала шалға барсын.
Ай мүйізді ақ қошқар Ай мүйізді ақ қошқар
Ай мүйізді ақ қошқар. Аппақ жылы тоны бар, Ақ тақтайдай жоны бар. Маңдайында дөңі бар, Мойнында меңі бар.
Кім нені сүйеді? Кім нені сүйеді?
Кесіртке құмын сүйеді, Тасбақа тыңын сүйеді, Сұңқар шыңын сүйеді, Тұлпар қырын сүйеді,
Кел, балалар, күлейік! Кел, балалар, күлейік!
Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік.
Көктем келді гүл алып Көктем келді гүл алып
Балалар - ау, балалар! Шақырады далалар. Көктем келді гүл алып, Құстар келді жыр алып.
Пікірлер (2)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
orologi replica
#1 orologi replica Қонақ 3 мам 2017 14:11
әдемі өлең
nike shoes
#2 nike shoes Қонақ 6 мам 2017 14:21
жақсы екен
×