ойын сауық отауы
Қызыл ту
27.09.2016 2 543 0 Дауыл

Қызыл ту

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі

Желбірей бер,
Қызыл Туым айбынды,
Сен бар жерде
Білмейміз біз қайғыңды
Ешбір ту жоқ
Сенен өткен даңқты,
Сен бастаушы -
Жеңістерге халықты.
Орақ – Балға -
Бейбіт еңбек құралын,
Қызыл Тумен
Көтеріп бір тұрамын.
Сен әрқашан
Көрінсін деп биіктен,
Биіктерге
Қол созады сүйікті ел.
Бақыт туы,
Жеңіс туы арайлы,
Әлем саған
Мият тұтып қарайды.
Ал қызыл Ту -
Адамзаттың қорғаны,
Бақыт үшін
Желбіресең болғаны.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Алма Алма
... Жағып тұр бұталар қып - қызыл шырағын, Жымыңдап ағады бір ағын - Көрсем де көп қызыл алманы алмадым - шыдадым.
Ақыл қайда Ақыл қайда
Ақ мамасы сүйікті Қойдың басын үйітті Былбыратып пісірді, Табаққа әкеп түсірді.
Сазайын тартты Сазайын тартты
Бәрі қорқып, ықсын,- деп, Сүзеген боп шықсын,- деп,- Шыққан жанды үйіне Қайта қуып тықсын,- деп,-
Кім? Кім?
Дабырласып далада, Балалармен бір жүр ем, Іші ауланың бағана Болып кетті дүрбелең.
Алатау Алатау
О бастан – ақ жарасып Тұрған тұлға, реңі. Алатауды қарашы - Алматының кілемі!
Май Май
Бұл күнде нұрлы аспаны Көрсең ғой көркем қаланы! Туған ел тойын бастады, Басталды майдың парады!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×