ойын сауық отауы
Сазайын тартты
27.09.2016 1 147 0 Дауыл

Сазайын тартты

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі

- Бәрі қорқып, ықсын,- деп,
Сүзеген боп шықсын,- деп,-
Шыққан жанды үйіне
Қайта қуып тықсын,- деп,-

Қызыл қасқа торпағын
Жалықпастан үйретті.
Тыныш жатса ол тағы:
- Сүзісем,- деп сүйретті.

Бермеді ғой тыныштық,
Серік әбден басынды.
Жатпаған соң күйіс қып,
Торпақ қатты ашынды.

Серік тұрды сөзінде:
Сүзеген қып шығарды
Қазір оның өзін де
Үйге қуып тығады.

Сыртта жүрсе торпағы,
Шыға алмады үйінен.
Сүзе ме деп қорқады,
Тығылып ап күнімен.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Қазан Қазан
Қауын – қарбыз Қазан болып, Бау – бақшаның түсті ажары. Қырман басы Тазаланып, Тарқап кетті құс базары.
Шекарашы Шекарашы
Камчаткада таң атса, Балтық жақта күн батқан. Солтүстікке қар жатса, Оңтүстікті гүл жапқан.
Бұғы Бұғы
Бұғы бар Алтайда, Алыста. Аттан да Озады ол Жарысса
Дегбірсіз Дегбірсіз
Жаңа ғана пісірген Бұл ып – ыстық сүт еді. Асығып тұр ішуге Қалай шыдап күтеді?..
Пима Пима
Байқамақшы болдым да, Сияр, я симасын, Атам үйде жоғында Киіп едім пимасын.
Қызыл ту Қызыл ту
Желбірей бер, Қызыл Туым айбынды, Сен бар жерде Білмейміз біз қайғыңды
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×