ойын сауық отауы
Бала ойы
27.09.2016 1 807 0 Дауыл

Бала ойы

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі

Мезгіл келіп жеткенде
Сыбызғылы, сырнайлы,
Күн мейірін төккенде,
Бозторғайлар жырлайды.
Ақ жаңбырға шомылып,
Туған жердің алабы,
Қызғалдаққа көміліп,
Көздің жауын алады.
Жайнап тұрған түз жаққа,
Көзім тоймай қараймын
Әсемдіктің ұзаққа
Созылуын қалаймын.
Көкейдегі тілегім:
Шөбін шаппай тұрғанда,
Жайып далам кілемін,
Салтанатын құрғанда,
Шартараптан келімді
Көп кісілер келсейші.
Менің туған жерімді
Осы кезде көрсейші.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Жау, жаңбыр Жау, жаңбыр
Аяқ асты түнеріп, Туған жердің аспаны, (Көптен күтіп жүр едік), Жауын жауа бастады.
Қыста құстар қадірлі Қыста құстар қадірлі
Қыста құстар қадірлі Жер ақ қарға оранды Күн аязды, оранды, Жылы жаққа кеткен құс
Міне, жігіт!... Міне, жігіт!...
Тай әрі де тулады, Тай бері де тулады. Көріп тұрған балалар Деді: - Әне, құлады.
Тұраптың ұсынысы Тұраптың ұсынысы
Ет астық біз, пісірдік, Бұрқыратып түсірдік. - Алыңыз, - деп, - алыңыз, - Жемек болдық бәріміз.
Алатау Алатау
О бастан – ақ жарасып Тұрған тұлға, реңі. Алатауды қарашы - Алматының кілемі!
Оқы, оқы және оқы! Оқы, оқы және оқы!
Балаларды сүйетін Күн боп туған еліме, Ілдік көсем суретін Әр кластың төріне.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×