ойын сауық отауы
Жау, жаңбыр
28.09.2016 5 695 0 Дауыл

Жау, жаңбыр

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі

Аяқ асты түнеріп,
Туған жердің аспаны,
(Көптен күтіп жүр едік),
Жауын жауа бастады.
Өтсе екен деп селдетіп,
Нөсер болып кәдімгі,
Барлығымыз әндетіп
Шақырдық – ау жауынды.
«Жау – жау», жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Кең далаға көлбеген.
Қуанышты ел деген.
Жау – жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Егін жайға шөлдеген
Жау – жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Егін өссе береке
Жау – жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Елге әкелер мереке...»
«Жау, жаңбыр», - деп шырқадық,
Бәріміз де әндетіп
Жаңбыр болса,
Қырқаны
Шайып өтті сәнді етіп.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Алматы ауасындай мінезің бар... Қасым Аманжолов Алматы ауасындай мінезің бар... Қасым Аманжолов
Алматы ауасындай мінезің бар, Жауасың бір кез жаңбыр, бір кезде қар. Балқытып аласың да ыстығыңмен, Артынан тоңдырасың төгіп ызғар.
Күзгі жаңбыр Күзгі жаңбыр
Қоңырқай күздің аспаны Бүркенді бұлтты қап - қара. Нажағай ойнай бастады – Маңайда, алыс жақта да.
Батыр Батыр
Қорқақ екен өзге,- деп, Осыдан да қаншама? Жаңбыр деген сөз бе,- деп, Тығылмады ол тасаға.
Кітап оқыр бір бөбек Кітап оқыр бір бөбек
Жаңбыр жауар себелеп, Жолға шығар ебелек. Гүлге қонар көбелек, Атқа қонар бөгелек.
Жаңбыр Жаңбыр
Ала қашпай, елірмей, Әдемі ырғақ тауып бір Қап - қара бұлт негрдей Ақ жаңбыр боп жауып тұр.
Өткінші жаңбыр Өткінші жаңбыр
Өткінші жаңбыр өрекпіл барып өткенде, Үздік те создық тырнаның үні жеткенде, Киіз үйлерге қараймын - дағы бөктерде, Ырза боламын осы бір ырғын
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×