ойын сауық отауы
Аязды күні
27.09.2016 1 754 0 Дауыл

Аязды күні

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі

Далада аяз, қашан ғана тыншиды?
Мұрынды бір,
Құлақты бір шымшиды.
Үйде Асан ыстық көже іше алмай
Шек – қарны шұрылдайды, сыңсиды.

Темір қасық! Қалай аузы күймейді?
Қасығы да ерніне бір тимейді.
Тиіп кетсе, ернін қасық күйдіріп,
Асан батыр баж етіп зар илейді

Суығанша төзімі оның жетпеді,
Көжені алып тысқа қарай беттеді,
Қар үстінде суысын деп тұрғанда,
Қос құлағы аз - ақ үсіп кетпеді.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Табыңдар Табыңдар
Асан - Үсен екеуі Тату – тәтті дос еді Көңілдері қош еді, Екі қолы бос еді.
Қыста құстар қадірлі Қыста құстар қадірлі
Қыста құстар қадірлі Жер ақ қарға оранды Күн аязды, оранды, Жылы жаққа кеткен құс
Батыр Батыр
Қорқақ екен өзге,- деп, Осыдан да қаншама? Жаңбыр деген сөз бе,- деп, Тығылмады ол тасаға.
Білгішін – ай Білгішін – ай
Асанды ерттім жаныма Бауға бірге барғалы. Біледі ол айыра, «ЗИМ» мен «ЧАЙКА», «ВОЛГАНЫ».
Дегбірсіз Дегбірсіз
Жаңа ғана пісірген Бұл ып – ыстық сүт еді. Асығып тұр ішуге Қалай шыдап күтеді?..
Не? Не?
Қанатбек қутыңдап, Аузы бұлтыңдап, Қаужаңдап шайнайды, Не жұтып қоймайды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×