ойын сауық отауы
Шаңғы жол
27.09.2016 2 602 0 Дауыл

Шаңғы жол

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі

Аяқтарда – шаңғымыз,
Сайрап жатыр жолымыз.
Мидай дала – алдымыз,
Шиырлаймыз оны біз.

Тырнадай боп тізіліп,
Жазыққа еніп кетеміз
Аппақ қарға қызығып,
Көрші ауылға жетеміз.

Бұрқ – бұрқ етіп буымыз,
Ыстықтаймыз жарыста.
Дайрығысқан шуымыз,
Естіледі алысқа.

Құлай - құлай
Ақ қарға
Толып қойын, қалтамыз.
Күле - күле ақпанда,
Шаңғы теуіп қайтамыз.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Шатыр Шатыр
Темір жол бойы бағана, Сымында көктем құстары. Жып – жылы қазір далада, Дала да үйдей қыстағы.
Нөмер Нөмер
Бұлттар төніп келеді, Нөсер жауар жиылса. Бұлттар төніп келеді, Сауыны келген сиырша
Бұғы Бұғы
Бұғы бар Алтайда, Алыста. Аттан да Озады ол Жарысса
Міне, жігіт!... Міне, жігіт!...
Тай әрі де тулады, Тай бері де тулады. Көріп тұрған балалар Деді: - Әне, құлады.
Тостаған Тостаған
Өзгешелеу басқадан Мынау кетік тостаған. Кім кемірген жан - жағын, Кім кетік қып тастаған?
Не? Не?
Қанатбек қутыңдап, Аузы бұлтыңдап, Қаужаңдап шайнайды, Не жұтып қоймайды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×