ойын сауық отауы
Кім қорқақ, Кім айбатты
27.09.2016 1 953 0 Дауыл

Кім қорқақ, Кім айбатты

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі

Шығып алып інінен,
Ұйқы бермес түнімен,
Тышқан түнде жортады,
Ол мысықтан қорқады.
Ең күшті де қайратты,
Тарғыл мысық айбатты
Күншуақтап жататын,
Тәтті ұйқыға бататын,
Мысық
Иттен тайсақтап,
Шеттеп жүрер жан сақтап.
Ең күшті де қайратты,
Қабаған ит айбатты.
Кеміріп боп сүйегін,
«Әуп», «әуп» етіп үреді.
Арлан ит те
Қасқырдан
Айбынып – ақ жүреді.
Ең күшті де қайратты,
Көкжал қасқыр айбатты.
Қасқыр түнде қаңғиды,
Қой, қозыны аңдиды.
Құлқыны үшін жапаннан.
Қасқыр қорқар папамнан.
Ең қайратты білекті
Папам менің жүректі.
Папама үй ішінде,
Жөн - жосықсыз ісіне,
Мамам ұрсып тастайды,
Папам аузын ашпайды.
Ең жүректі, қайратты,
Мамам менің айбатты.
Мамамды өзім ақыры,
Санап тұр ем «батыр» деп
Қоя берді ол бақырып,
«Тышқан келе жатыр»,- деп
Қолыңдағы кесе де
Ұшып түсті быт - шыт боп
Бір – ақ қарғып төсекке
Шығып кетті ыршып кеп.
Сонда батыр кім десең,
Мен айтайын білмесең:
Батыр емес мамамда,
Батыр емес папам да.
Ең батыр да қайратты,
Тышқан екен айбатты.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Ер жігітке қойылатын талаптар. Қазақтың жігітіне мінезде Ер жігітке қойылатын талаптар. Қазақтың жігітіне
Ұзын бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, қыры мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, шешен тілді, жау жүректі т. с. с.
Батыр Батыр
Қорқақ екен өзге,- деп, Осыдан да қаншама? Жаңбыр деген сөз бе,- деп, Тығылмады ол тасаға.
Көкпар Көкпар
Көк дөненді ерттеді, Жарап тұрған елеңдеп. Мені өзімен ертпеді: «Көкпар тартып келем», - деп.
Өжеттер әні Өжеттер әні
Әлиядай апамыз, Бауыржандай атамыз Фашистерден Отанды Қорғап, батыр атанды
Ақ мамам Ақ мамам
Еркелесем, күлімдейтін, ұрысқаны білінбейтін. Маңдайымнан иіскеп менің, «Құлыншағым, күнім!»- дейтін
Мен жастарға сенемін Мен жастарға сенемін
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×