ойын сауық отауы
Мен жастарға сенемін
01.06.2016 2 623 0 Дауыл

Мен жастарға сенемін

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!...
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн!

Сұлтанмахмұт Торайғыров - Алаш ұраны Сұлтанмахмұт Торайғыров - Алаш ұраны
Алаш туы астында, Біз алаштың баласы. Күніміз туып көгерді, Сарыарқаның даласы.
Әскерге аттанатын жастарға арналған бата Әскерге аттанатын жастарға арналған бата
Оң болсын, балам, сапарың, Мол болсын дәм - тұз татарың. Туған елің тапсырған. Аманат саған Отаның.
Жастарға бата Жастарға бата
Жарылқа, Тәңір, қабыл ет, Жарылқаудың қамын ет! Бере гөр, мына жастарға Ізет - абырой, бақ - дәулет.
Атырау қаласына жастарға арналған заманауи саябақ керек Атырау қаласына жастарға арналған заманауи саябақ
"Атырау қаласына жастарға арналған заманауи саябақ керек деп ойлаймын. Сол себепті "банан бағы" жобамды ұсынамын. Қаланың Еуропа бөлігінде
Оқып жүрген жастарға Оқып жүрген жастарға
Үмітпенен жоқ қуған Талабы алда баламыз. Басқалар жоғын тапқанда, Біздер қайтіп қаламыз.
AsSun - Сендей AsSun - Сендей
Жастарға арналған жаңа ән
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×