ойын сауық отауы
Орашолақ
27.09.2016 1 120 0 Дауыл

Орашолақ

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі

Мынау біздің Доңқабақ
Шеберлігі ұстады.
Дәу пышақпен жаңқалап,
Қарындашын ұштады.

Әдемілеп,
Сүйірлеп,
Шығармақшы ұшын ол.
Терлеп – тепшіп, күбірлеп
Беріліпті ісіне ол.

Енді ұштала бергенде
Ұшы бырт - бырт сынады.
Ызақорын көрдің бе:
- Өтпейді,- деп жылады.

Әй, шебер боп жарытпас,
Қолын кесіп алыпты.
Сына – сына қарындаш
Бір тұтам боп қалыпты.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Күзде Күзде
Қайтқан құсты көрдің бе, Қаптай ұшқан әуелеп. Күткен күзім, келдің бе? Сыңсып бағың мәуелеп.
Бұғы Бұғы
Бұғы бар Алтайда, Алыста. Аттан да Озады ол Жарысса
Міне, жігіт!... Міне, жігіт!...
Тай әрі де тулады, Тай бері де тулады. Көріп тұрған балалар Деді: - Әне, құлады.
Тостаған Тостаған
Өзгешелеу басқадан Мынау кетік тостаған. Кім кемірген жан - жағын, Кім кетік қып тастаған?
Дегбірсіз Дегбірсіз
Жаңа ғана пісірген Бұл ып – ыстық сүт еді. Асығып тұр ішуге Қалай шыдап күтеді?..
Не? Не?
Қанатбек қутыңдап, Аузы бұлтыңдап, Қаужаңдап шайнайды, Не жұтып қоймайды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×