ойын сауық отауы
Күзде
28.09.2016 2 392 0 Дауыл

Күзде

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі

Қайтқан құсты көрдің бе,
Қаптай ұшқан әуелеп.
Күткен күзім, келдің бе?
Сыңсып бағың мәуелеп.

Қамба толды астыққа,
Алғыс саған, алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап – қап қауын алдық біз.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Қазан Қазан
Қауын – қарбыз Қазан болып, Бау – бақшаның түсті ажары. Қырман басы Тазаланып, Тарқап кетті құс базары.
Орашолақ Орашолақ
Мынау біздің Доңқабақ Шеберлігі ұстады. Дәу пышақпен жаңқалап, Қарындашын ұштады.
Бұғы Бұғы
Бұғы бар Алтайда, Алыста. Аттан да Озады ол Жарысса
Міне, жігіт!... Міне, жігіт!...
Тай әрі де тулады, Тай бері де тулады. Көріп тұрған балалар Деді: - Әне, құлады.
Не? Не?
Қанатбек қутыңдап, Аузы бұлтыңдап, Қаужаңдап шайнайды, Не жұтып қоймайды.
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жамылған ақ мамық ұлпа қар Нұрлы да кең байтақ Отаным. Бала жоқ сыйлықтан құр қалар, Сыйлығы көп Аяз Атаның.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×