ойын сауық отауы
Не берсең де арнап бер
26.09.2016 12 738 0 Дауыл

Не берсең де арнап бер

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли өлеңі

О, тіршілік!
Не берсең де арнап бер,
Алтын балық ілінетін қармақ бер!
Бақыт бер де,
Бармақтай сол бақытты
Басып тұрар батпандай бір салмақ бер!

Және дос бер, айтқанымды мақұл дер,
Жүйрік бер де
Соған шыдар тақым бер!
Мен жазбаған,
Жұрт жазбаған жыр сыйла,
Жүректерге соны ұғатын ақыл бер!

Мені күтіп тұрса алда биіктер,
Шапағатты шуағыңды құйып көр.
Абырой мен даңқыңды аяма,
Және соған майыспайтын иық бер!

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
11 сынып оқушысы Шағыманов Дарын

Замана Замана
Замана озды, Діндер тозды Адамның ішкі Жындары қозды.
Ақтарылып бағайын Ақтарылып бағайын
Ақтарылып бағайын, Аңғарғайсың бар мәнін: Айныса да ағайын, Айнымасын арманың!
Ғашықтық жайын қозғама Ғашықтық жайын қозғама
Ғашықтық жайын қозғама, Қозғауды мақұл көрмес ем, Ол жайлы саған боз бала, Білгенмен ақыл бермес ем!
Шындық Шындық
Ақындық шығар айыпты, Әлі білмен себебін. Өлеңге айтып қойыппын Өмірдің айтпа дегенін.
Махаббат – ғашықтық пернесі Махаббат – ғашықтық пернесі
Өзіңсің – басыма құт, қосыма құт, Өзіңсің – жасыл уақыт, асыл уақыт, Сапарда жүргенімде сарғайып мен, Сағынып күте берсең, осы – Бақыт!
Бір үзім нан Бір үзім нан
Жал - жая ма? Қадірлеген атамыз. Коньяк па? Аздап дәмін татамыз. Бәрін қойып дастарханға, О тоба! Нан қоюды ұмытып кетіп жатамыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×