ойын сауық отауы
Ақтарылып бағайын
02.10.2016 4 394 0 Дауыл

Ақтарылып бағайын

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли өлеңі

Ақтарылып бағайын,
Аңғарғайсың бар мәнін:
Айныса да ағайын,
Айнымасын арманың!

Асау өзен, асылы,
Ағар бұзып арнаны.
Азайса да асылың,
Азаймасын арманың!

Жанға шипа бал түні
Жұлдызыңды қармағын...
Жоғалса да алтының,
Жоғалмаған арманың!

Жолын қуып жаманның,
Жұқтырмайтын арға шаң.
Арманы үлкен Адамның
Өзі де үлкен әрқашан!

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
11 сынып оқушысы Шағыманов Дарын

Мамыр Мамыр
Адам үшін жұбаныш Мамыр келді шуақты. Күннің ішін қуаныш Кернеп тұрған сияқты.
Арман – үміт пернесі Арман – үміт пернесі
Ащы айтқанның ашумен жарған басын Ағайындар бұл сөзге арланбасын: Туысқанның мықтысы – тілеулесің. Қарындастың жақсысы – армандасың!
Өз үйің Өз үйің
Өз үйіңде бір сәт тыным таппайсың, Бірде жуып, Бірде сырлап, Ақтайсың. Өз үйіңе, керек болса, киізсің, Өз үйіңе, керек болса, тақтайсың.
Ғашықтық жайын қозғама Ғашықтық жайын қозғама
Ғашықтық жайын қозғама, Қозғауды мақұл көрмес ем, Ол жайлы саған боз бала, Білгенмен ақыл бермес ем!
Шындық Шындық
Ақындық шығар айыпты, Әлі білмен себебін. Өлеңге айтып қойыппын Өмірдің айтпа дегенін.
Бір үзім нан Бір үзім нан
Жал - жая ма? Қадірлеген атамыз. Коньяк па? Аздап дәмін татамыз. Бәрін қойып дастарханға, О тоба! Нан қоюды ұмытып кетіп жатамыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×