ойын сауық отауы
Әр күн сайын құлшынып
02.10.2016 4 150 0 Дауыл

Әр күн сайын құлшынып

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли өлеңі

Әр күн сайын құлшынып,
Әр күн сайын түле бір.
Мәңгі күрес - тіршілік,
Мәңгі майдан - бұл өмір.

Не болса да сабыр ет,
Кетер кейде би ағат.
Бірде жеңсе ғаділет,
Бірде жеңер қиянат.

"Мысық-тышқан" ойнайды
Бір қуаныш, бір қайғы.
Жаңа жеңбей қоймайды,
Һәм ескірмей тұрмайды.

Ол ескіні тағы да
Ысырады бір жаңа.
Кір жұқтырып ағыңа
Қара күйе жүр жала.

Айтқанмен сен төрелік
Биігіңде отырып,
Жағаласа береді
Шындық пенен өтірік.

Ойлар мида түстеніп,
Көкіректе түнейді.
Қасқа тісің түскенін
Басқа тісің тілейді.

Тоқушы, не етікші
Түк түсінбей қалады.
Бір аяғың екінші
Аяғыңды шалады.

Бөліскенмен қыр гүлін,
Келіспейді бажасы.
Сүйгендер де бір-бірін
Отырады қажасып!.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
11 сынып оқушысы Шағыманов Дарын

Мамыр Мамыр
Адам үшін жұбаныш Мамыр келді шуақты. Күннің ішін қуаныш Кернеп тұрған сияқты.
Өтірік Өтірік
Ә дегенге мә десіп, өре тұрып, Бет ауызды соққыға бере отырып, "Құладым деп оқыста" ата - анаға Қорыққаныңнан айтасың бір өтірік!
Не берсең де арнап бер Не берсең де арнап бер
О, тіршілік! Не берсең де арнап бер, Алтын балық ілінетін қармақ бер! Бақыт бер де, Бармақтай сол бақытты Басып тұрар батпандай бір салмақ бер!
Өз үйің Өз үйің
Өз үйіңде бір сәт тыным таппайсың, Бірде жуып, Бірде сырлап, Ақтайсың. Өз үйіңе, керек болса, киізсің, Өз үйіңе, керек болса, тақтайсың.
Ғашықтық жайын қозғама Ғашықтық жайын қозғама
Ғашықтық жайын қозғама, Қозғауды мақұл көрмес ем, Ол жайлы саған боз бала, Білгенмен ақыл бермес ем!
Шындық Шындық
Ақындық шығар айыпты, Әлі білмен себебін. Өлеңге айтып қойыппын Өмірдің айтпа дегенін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×