ойын сауық отауы
Арман – үміт пернесі
26.09.2016 6 150 0 Дауыл

Арман – үміт пернесі

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли өлеңі

Ащы айтқанның ашумен жарған басын
Ағайындар бұл сөзге арланбасын:
Туысқанның мықтысы – тілеулесің.
Қарындастың жақсысы – армандасың!

Перзентің бе базардың пұлына алаң?
Әлде ол сенің, Ұлы Отан, ұлы балаң?!
Кім екенін айтпа оның,
Арманын айт,
Арманына қарап - ақ біліп алам!

***
Жігіттің жолбарысы,
Арланы бар,
Ақиық,
Арғымағы, Тарланы бар.
Жұтаса мал - дәулеті, оқасы жоқ,
Татитын мал - дәулетке арманы бар.

***
Ақтарылып бағайын,
Аңғарғайсың бар мәнін:
Айныса да ағайын,
Айнымасын арманың!

Асау өзен, асылы,
Ағар бұзып арнаны.
Азайса да асылың,
Азаймасын арманың!

Жанға шипа бал түні
Жұлдызыңды қармағын...
Жоғалса да алтының,
Жоғалмаған арманың!

Жолын қуып жаманның
Жұқтырмайтын арға шаң
Арманы үлкен Адамның
Өзі де үлкен әрқашан!

***
Той - думанға,
Қыз - қырқынға алақтап,
Жастығымды өткізбедім далақтап.
Арман шіркін – алтын ие,
Өмірде
Мен – жібек жіп қойған соған сабақтап.

Жұлдыз - ойға толса екен деп жыр - түнің.
Әлі күнге тапқан жоқпын бір тыным.
Жамап жүрмін көңілдерді сөгілген,
Жамап жүрмін жүректердің жыртығын.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
11 сынып оқушысы Шағыманов Дарын

Екі ағайын Екі ағайын
Бұрынғы өткен замандарда екі ағайын бауыр өтіпті. Олар аталарынан мұра боп қалған шаруамен айналысады екен.
Ақтарылып бағайын Ақтарылып бағайын
Ақтарылып бағайын, Аңғарғайсың бар мәнін: Айныса да ағайын, Айнымасын арманың!
Көгалды алаң Көгалды алаң
Көгалды алаң. Сүт сәуле қырды басқан, біз отырмыз жанардан арман ұшып. Еленбейтін бұрынғы жұлдыз, аспан - бәріне таңданысып.
Жайықпен жүздескенде Жайықпен жүздескенде
Сәлем, ұлы Жайығым! Толқынына кім салмады қайығын. Кім шертпеді саған келіп шаттығын, Кім жумады саған келіп айыбын.
Жырласам ба екен Жырласам ба екен
Жырласам ба екен, жыласам ба екен, білмеймін, Алдымда тұрған адамды мынау кім деймін?! Алдымда менің адасып кеткен арман тұр, Жылатсам ба екен,
Арман қуып... Арман қуып...
Айтпашы, айтпасаң да білем, білем, Білемін де күлемін, ренжімен. Әзірге көзім де ашық, көңілім де ашық, Жыланды ажыратам жылы өңдіден.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×