ойын сауық отауы
Шүкір, шүкір!
18.10.2016 2 028 0 Бона

Шүкір, шүкір!

Өлеңдер
Ж. Нәжімеденов 1935 жылы қараша айының 28 жұлдызын да қазіргі Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қошалақ ауылында дүниеге келген.
Ж. Нәжімеденов - 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының (мәтіні ) авторларының бірі, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері. 1961 жылы «Балауса» атты тұңғыш өлең жинағы жарық көрді.

Жұмекен Нәжімеденов өлеңі

Нақ сол түні ақынға үкім кесілді,
дар арқаны - бір қыл арқан есілді.
Бір ат арба туарылды сол түні,
бір айбалта суарылды сол түні.

Үкім бірақ кетті айналып өлеңге,
өлеңге, ал, дар арқаны - көгенге...
Содан бері өлең жазам дегенде
белгісіз бір толқу тұрды денемде.

Ал, ат арба тезек тиеп жетті елге,
ал, айбалта кетті айналып кетпенге.
Бүгін еркін, есіп жырлап кеткенде
шүкір етем: ондай қауіп жоқ менде.

Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебі
3 сынып оқушысы Мейрамгалиқызы Гүлсезим
Сынып жетекшісі Шайпакова Алия

Нұрлан Ноғаев: қазақ қоғамын ұлтсызданудан қорғауымыз керек деп мәлімдеді Нұрлан Ноғаев: қазақ қоғамын ұлтсызданудан
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қазақ қоғамын ұлтсызданудан қорғауымыз керек деп мәлімдеді. Аймақ басшысы бұл туралы облыста өткен республикалық
Сұрақ Сұрақ
Жер байғұстың бағына, әй, жаумады - ау, жаумады. Тұр ма ана бұлт тағы да басқа жаққа ауғалы?!
Өмір Өмір
Бір күйді бастайыншы, күй артығы өзен боп бір теңізге құяр түбі... қайтсем де бүгін Мекке барамын деп желіден өреді екен түйе әр күні.
Тепе - тең Тепе - тең
Ей, Алатау, саған бұл не болды жер бауырлап? Бұлты қонып ғаламның жатырмысың ауырлап?!
Алма Алма
... Жағып тұр бұталар қып - қызыл шырағын, Жымыңдап ағады бір ағын - Көрсем де көп қызыл алманы алмадым - шыдадым.
Қошалақ Қошалақ
Жатырмысың, самалды сай, сырлы алап, жусаныңнан сынап - шықтар сырғанап. Құм - шағылдан өсіп шыққан шоқыңа, жолаушыдай өте алмадым бір қарап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×