Нұрлан Ноғаев: қазақ қоғамын ұлтсызданудан қорғауымыз керек деп мәлімдеді
Жаңалықтар
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қазақ қоғамын ұлтсызданудан қорғауымыз керек деп мәлімдеді. Аймақ басшысы бұл туралы облыста өткен республикалық Жұмекен Нәжімеденов оқулары кезінде айтты.
“Арамызда дәстүрін, мәдениетін ұмытып бара жатқан азаматтар бар. Біз ұл - қыздарымызды ұлтсызданудан қорғауымыз керек. Ал, бұл процеске төтеп беретін бірден - бір нәрсе – рухтың биіктігі. Жастар рухқа азық болатын халқының мұраларынан үнемі нәр алып отыруы қажет”, - деді Нұрлан Ноғаев.
Айта кетелік, Жұмекен Нәжімеденов атындағы республикалалық көркем сөз оқу шеберлері сайысы облыста биыл бірінші рет өткізіліп отыр.
Байқау қорытындысы бойынша, атыраулық үміткер Нәзира Әшім бірінші орынды еншілесе, Ақмола облысынан келген Перизат Мұратқызы мен Маңғыстаулық Айдос Жұмабаев жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Ал, атыраулық Нұрдәулет Табылдиев, Шығыс Қазақстаннан келген Арайлы Алтаева, Оңтүстік Қазақстаннан қатысқан Назерке Құлжабаева өзара үшінші орынды бөлісті.
Талапакерлерге ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Серік Тұрғынбекұлы, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, жазушы Мереке Құлкенов, филология ғылымдарының докторы, ақын Қадір Жүсіп және Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов қазылық етті.
Жұмекен Нәжімеденов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.
Құрметпен,
Атырау облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекші маманы
Еркебұлан Анарбекұлы

Қазақша шебер сөйлейтін атқамінерлердің ондығы
"Қазақстан" Ұлттық арасындағы "Апта" бағдарламасының сараптамалық орталығы қазақ тілінде қапысыз сөйлейтін атқамінерлердің ондығын жасады.
Атырауда 2 батыр анаға алқа табыс етілді
Бүгін атыраулық қос анаға алтын және күміс алқа табысталды. Президенттің жарлығымен бекітілген алқаларды аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев бүгін әйелдер
Шахандағы жарылыстан соң Атырауда кемі 1800 пəтер
Бұл туралы кеше, 19 қаңтарда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың Жылыой ауданына жұмыс сапары кезінде белгілі болды. Сапар барысында аймақ басшысы мəжіліс
Атырау қаласына жастарға арналған заманауи саябақ
"Атырау қаласына жастарға арналған заманауи саябақ керек деп ойлаймын. Сол себепті "банан бағы" жобамды ұсынамын. Қаланың Еуропа бөлігінде
Илья Жақановтың “Еділ - Жайық” атты ән кеші өтті
Кеше, 25 желтоқсан күні Атырауда композитор, жазушы Илья Жақановтың “Еділ - Жайық” атты ән кеші өтті. Кешті Атырау облысы тұрғындары және
Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлерді халық алдында адал
“Күмісбектегі” қараусыз қалған ұңғымаларды өз ақшамызға бітеуге мәжбүр болдық. Ал бұған жауапты тұлғалар байланысқа шықпай отыр. Бұл, түптеп