ойын сауық отауы
Біз
26.10.2016 2 207 0 Дауыл

Біз

Өлеңдер
Сәкен Сейфуллин өлеңі
Біз
Асау өсіп арқада
Жүген, құрық тимеген,
Матау көрмей ер жетіп,
Жасынан ноқта кимеген.
Бостандық, кеңдік, еркіндік –
Басқаны жаны сүймеген.
Бұғалық салса ұстауға
Ақырып тулап сүйреген.
Арқаның болдық ұланы,
Еркін өскен бұланы.
Залымдардың жасаған
Аранына уладық.
Қараңғы, суық зынданды,
Жатақ қылды тәніміз.
Қылыштың жүзі, мылтықтың
Аузында болды жанымыз.
Өмірінде жауыздың
Кетіп адам сәніміз,
Арыстандай жаралы,
Өртенді қайнап қанымыз.

Бір шұңқыр су, түйір нан,
Үйреншікті ас болды.
Күл, көмір, қиқым, тоң төсек,
Жастығымыз тас болды.
Тас көмірдің топырағы
Денені басып қаралап,
Тас көмірдің түтіні –
Өкпені қауып аралап,
Қырлы темір шынжырлар,
Қол - аяқты жаралап,
Жауыздардың дұзағын
Көрдік қорлық, азабын!

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля

Тергеген болсаң айтайын Тергеген болсаң айтайын
Маржандай тізген жырымды Айтайын болсаң, тергеген: Домбырадай күйленіп, Ән тасып көкірек кернеген.
Біздің жақта Біздің жақта
Шалқыған біздің жақтың көлдері бар, Ағашты биік таулы жерлері бар. Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын Меймандос, берекелі елдері бар.
Қырда Қырда
Күңіреніп қырда отырып көкірек кернеп, Ән салдым домбыра алып ырғап, тербеп. Аузымнан өлеңімді қағып алып, Ызыңдап кетті жаттап асау жел кеп.
Тергеген болсаң айтайын Тергеген болсаң айтайын
Маржандай тізген жырымды Айтайын болсаң, тергеген: Домбырадай күйленіп, Ән тасып көкірек кернеген.
Шегініс Шегініс
Толғай - толғай жүгірген, Топырақты суырған, Ертеден салса, кешке озған, Ылдидан салса, төске озған
Қарашаш Қарашаш
Институтта жүр оқып Қазақ қызы Қарашаш. Оқы, оқы, қарындас, Туған елге білім шаш.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×