ойын сауық отауы
Біздің жақта
26.10.2016 2 615 0 Дауыл

Біздің жақта

Өлеңдер
Сәкен Сейфуллин өлеңі
Біздің жақта
Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,
Ағашты биік таулы жерлері бар.
Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын
Меймандос, берекелі елдері бар.
Думанды шалқар көлдері - ай,
Еркін дала белдер - ай.
Қаздай қатар мыңғырып,
Тізіліп көшкен елдер - ай.
А - ай, Сарыарқа,
Елің алыс,
Қалды шалыс,
Жат жерде талай елмен болдық таныс.
Жеріне біздің, жақтың лайық ері,
Ер палуан, аңшы - мерген, әншіл, сері.
Жасынан жүйрік мініп өскен бұлан,
Жау жүрек, ер көңілді жігіттері.
Сілтеуші ек құлаш тұлпардай,
Жазушы ек қанат сұңқардай,
Асауменен алысып,
Қашағанды құтқармай.
Ай - ай, Сарыарқа,
Елің алыс,
Қалды шалыс,
Жат жерде талай елмен болдық таныс.
Қыздары біздің жақтың қара қасты,
Тісіне ұқсатарсың, меруерт тасты.
Сымбатты, көркем бойлы тал шыбықтай,
Мамық төс, сұңғақ мойын, сүмбіл шашты.
Еркін бейбіт ауылым - ай,
Жас ерім талдай сәулем - ай.
Қырдың ерке сұлуы
Сағындым сені, бауырым - ай.
А - ай, жан сәулем,
Өрім талдай,
Жазық маңдай,
Аузыңнан шыққан лебің шекер балдай.
Қыздары біздің жақтың қара көзді,
Сырнайдай дауыстары, тәтті сөзді.
Қызыл гүл албыраған еріндері,
Шырайлы, ашық көңіл, бал мінезді.
Еркін бейбіт ауылым - ай,
Жас өрім, талдай сәулем - ай.
Қырдың ерке сұлуы
Сағындым сені, бауырым - ай.
Әй - әй, жан сәулем,
Өрім талдай,
Жазық маңдай,
Аузыңнан шыққан лебің шекер балдай.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля

Кетпейтін естен ғашық жар - Сәкен Сейфуллин Кетпейтін естен ғашық жар - Сәкен Сейфуллин
Кетпейтін естен ғашық жар! Айта алмай жүрген сөзім бар, Талай жерде оқталып, Айтуға көріп ұят-ар.
Қызыл әскер маршы - Иса Байзақов Қызыл әскер маршы - Иса Байзақов
Біз арыстан - еңбекшілер қыраны, Біздің ұран - лениншілдер ұраны, Қаны қара жауыздарды қүртамыз, Қызыл әскер - езілгендер қорғаны.
Ағайын жат болады, алыс болса Ағайын жат болады, алыс болса
Ағайын жат болады, алыс болса, Жат та жақын болады, таныс болса.
Бұл жерде Бұл жерде
Құлан да болған бұл жерде, Бұлан да болған бұл жерде. Құлан мен бұлан қалмастай Лаң да болған бұл жерде.
Сүй жан сәулем Сүй жан сәулем
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да! Жылы, тәтті у тарады қаныма. Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін, Патша тағы, бүкіл дүние малына.
Қазақтың бала жұбату өлеңі Қазақтың бала жұбату өлеңі
Қайран еркін Замандарың, Тарлыққа жоқ Амалдарың. Еркін дала, Еркің қайда? Еркіңдегі Көркің қайда?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×