ойын сауық отауы
Бақыттың тойы басталды
15.12.2016 2 216 0 Admin

Бақыттың тойы басталды

Өлеңдер
Бақыттың тойы басталды

Келеді бүгін көгімнен тағы атып күн,
Шырқайтын сәті бақ тілеп жасқа уақыттың.
Қос аққу болып жұбайлық өмір басталып,
Көтерілді туы бақыттың.

Отауға енді сәулесі бақтың жамырап,
Ақжолтай болып есіктен енді тағы бақ.
Әулеттің әнін баянды қылып шырқайтын,
Көтерілді тағы шаңырақ.

Мөлдіреп бүгін тілекші көзден жас тамар,
Жұбайлық жолда сүйеніш болар асқақ ар.
Болашақ атты бақыттың баспалдақтары,
Осынау сәттен басталар.

Ақ сәуле болып шымылдық пенен перделер,
Оранды гүлге той-думан күткен бөлмелер.
Ата мен ана, көңілі хош боп қайнаға,
Сабылды бүгін жеңгелер.

Өйткені олар абысын тағы атанды,
Олар да кеше үлкеннен сыйлы бата алды.
Жымыңдай күліп ақылды тентек қайнылар,
Қорғаштап жүр-ау отауды.

Әзілдер олар құдаша жаққа астарлы,
Шараппен сыйлап базына қылған дос-жарды.
Қуанышқа бөлеп әулеттің барлық адамын,
Бақыттың тойы басталды.

Өзгеше болып келеді тағы атып күн,
Өтсінші тоймен бәрі де мынау уақыттың.
Адам ғұмырдың көңілде қалар белесі,
Үйлену тойы, үй болу тойы басы ғой енді бақыттың!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Наурыз Наурыз
Өлкеме Наурыз келді, көктем келді, Құлпырып гүлге орап көк пен жерді. Халқымның салт - дәстүлерін аялаған, Арманы асқақтады көптен бергі.
Ақ тілек  (Аға - жеңгелер тілегі) Ақ тілек (Аға - жеңгелер тілегі)
Екеуі де бірдей жоғары білім алып, екеуі де адам жанына арашашы болар мамандықты өз өмірлеріне серік етіп алған, Астана қаласында еңбек етіп жатқан
Қазақ халқының салт – дәстүрлері Қазақ халқының салт – дәстүрлері
Ырымдар мен нанымдар. Оң және теріс бата, жылан арбау, күн жайлату, ауруды емдеу, кәрі жілікті іліп қою, отқа май салу, дуалау, бәдік, алғыс –
Үйлену тойы (Жас жұбайларға жақындарының тілегі) Үйлену тойы (Жас жұбайларға жақындарының тілегі)
Өмірдің сыры махаббатпенен астасып, Қосылды жастар, бойдақ күн қалды қоштасып. Осынау күнге куә боп отыр ағайын, Мінеки, бүгін бақытын тапты қос
Аруларға тілек Аруларға тілек
Сендер жайлы тек ән салсын уақыт-күн, Жүздеріңде нұры ойнасын бақыттың. Бақыт деген - қыздың қамсыз күлкісі, Алмастыра алмас оны жақұт мың. Отау етіп
Онда күз еді, тағы да енді күз келді Онда күз еді, тағы да енді күз келді
Онда күз еді, тағы да енді күз келді, Хазар жақтан ақша бұлттар жүзді енді. Сол бұлттардан сарбаздың ұқ сәлемін, Қауыштырар күн де жақын бізді енді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×