ойын сауық отауы
Онда күз еді, тағы да енді күз келді
18.10.2015 6 112 1 Admin

Онда күз еді, тағы да енді күз келді

Өлеңдер
Онда күз еді, тағы да енді күз келді,
Хазар жақтан ақша бұлттар жүзді енді.
Сол бұлттардан сарбаздың ұқ сәлемін,
Қауыштырар күн де жақын бізді енді.

Хат жазыстық, сыр айтыстық, ұғыстық,
Дегем талай: шекарамыз тыныштық.
Еліміздің шекарасын күзеттік,
Сол тыныштық - Отан үшін ырыс - құт.

Біз өткіздік әскердегі жылды, айды,
Енді көңіл жүрек әнін тыңдайды.
Сарбаздарға туған жері қол бұлғап,
Сағынышы бұрынғыдан ұлғайды.

Олар бүгін солдат болды - шыңдалды,
Өткізді де жауынгерлік сындарды.
Дейді енді: туған жер мен туысқа
Оралуға бізге қанша күн қалды.

Олар мұнда алды құрыш - тағылым,
Сәлемдерін елге жеткіз бәрінің.
Ұмытқан жоқ сарбаз бір сәт достарын,
Ойлады әр кез ата - анасын, Аруын.

Отан барда - қалмас ұлдар еленбей,
Қорған олар сауыт - болмыс берендей.
Өз көңілім өзің жаққа қол бұлғап -
Туған Отан - Сырға сәлем дегендей.

Кеше күз еді, тағы, міне, күз келді,
Сарбаз көңіл сағыныш боп жүзді енді.
Хазар жақтан тыныштық боп күлген күн
Аман - есен қауыштырсын біздерді!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

1 - ші қыркүйек 1 - ші қыркүйек
Міне, тағы күз келді берекелі, Алып келді тағы да мерекені. Шəкіртіне есігін айқара ашып, Жас жүректі қуаныш көл етеді.
Жастық шақ - Ғалым Мұтанов Жастық шақ - Ғалым Мұтанов
Бәрі де таза, бәрі де ақ. Оралмайтын ол бір бақ. Үмітімен сәні көп, Тойыменен әні көп. Артта қалды қол бұлғап, Қызуы мол жастық шақ!
Бақыттың тойы басталды Бақыттың тойы басталды
Келеді бүгін көгімнен тағы атып күн, Шырқайтын сәті бақ тілеп жасқа уақыттың. Қос аққу болып жұбайлық өмір басталып, Көтерілді туы бақыттың. Отауға
Келдік талай жерге енді Келдік талай жерге енді
Келдік талай жерге енді, Кіруге - ақ қалдық көрге енді. Қызыл тілім буынсыз, Сөзімде жаз бар шыбынсыз,
Бөбекке тілек Бөбекке тілек
Сеніменен атаң - әжең нәрленді, Әр қылығың ана жүзге әр берді. Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің Құлағына шырылдаған ән келді. Әдемі ән еді, бәрі бірге
Желтоқсан Желтоқсан
Деді ме екен қайраттанар жыл келді, Таңдандырып аға ұрпақты, үлкенді. Ар - намыстың алаңында жастықтың Сонда рухы жұдырық боп сілтенді. Жас қайрат
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Balausa
#1 Balausa Қонақ 9 желтоқсан 2018 22:49
Әскердегі жігітіме хат
×