ойын сауық отауы
Сағыныш. Тұманбай Молдағалиев
10.03.2017 3 404 0 Дауыл

Сағыныш. Тұманбай Молдағалиев

Өлеңдер
Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Сағыныш
Сағынамын құрбы қызды шамын жаққан бөтеннің,
Қызығамын өміріне бақыт тапқан екеудің.
Қайда жүрсем достарыма ауыл жайлы шертем жыр,
Мүмкін әлгі құрбы қызды құрметтеуім бе екен бұл?!

Сағынамын қарт әжені, мені көрсе жылайтын,
Балам менің қайда жүр деп қайта - қайта сұрайтын.
Бұдан жиырма жылдай бұрын қайтыс болған баласын,
Келе ме деп сұрағанда, үнсіз толқып қаласың.

Келеді, апа, - деймін оған жандай-ақ бір кінәлі,
Менің алдап тұрғанымды ол да біліп тұрады.
Қайда жүрсем, достарыма ауыл жайлы шертем жыр,
Мүмкін осы мұңды ананы мүсіркеуден бе екен бұл?

Әрі жүрсем, қарсы алдымнан дос, құрдасым шығады,
Көңілімдегі көп сырымды атқызбай-ақ ұғады.
Бір жартыны екі бөліп, тартып алып екеуміз,
Екеуміз де мағынасыз әңгіме айтып кетеміз.

Әр жүрсем, ақ сақалды шал тұрады жол бағып,
Жұрттың берген сәлемдерін бүгініне олжа ғып.
Құрдасы жоқ ойнайтұғын, мұңдасы жоқ сырласар,
Қарияның халі бүгін бұрынғыдан тым нашар.

Әкең сенің досым еді, бірге өсіп ек, - дегенді,
Көрген сайын бір айтады, мен білмеймін не деуді.
Жолың болсын, балам, балам, - деп қалады шал маған,
Жаяу жолда тұрғандай ол, түсіп қалып арбадан.

Қайда жүрсем, достарыма ауыл жайлы шертем жыр,
Мүмкін осы қарияны көргім келу ме екен бұл?!
Әр жүрсем, бір топ бала жүгіреді доп қуып,
Өкінтеді бұлардың мен арасында жоқтығым.

Көк теректер сыбырлайды құлағыма бір күйді,
Ақ қайыңдар баяғыдай кешкі ауада мүлгиді.
Баяғыдай тас өткелден сылдыр-сылдыр су ақты,
Менен басқа бұл ауылда өзгеріс жоқ сияқты.
Қайда жүрсем, достарыма ауыл жайлы шертем жыр,
Мүмкін бала Тұманбайды сағынудан ба екен бұл?!
Тұманбай Молдағалиев өлеңдері

Елегізу. Тұманбай Молдағалиев Елегізу. Тұманбай Молдағалиев
Ұйқым қайда, құдай - ау, ұйқым қайда, Сыртта біреу жылай ма, сылқылдай ма, Көк теректер неліктен шулай қалды, Берілемін неліктен бір түрлі ойға.
Ана тілі Ана тілі
Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгін де Менің ана тілімде. Қазақ болып туылғаннан соң, бөбегім, Қазақ болып өлген жақсы түбінде.
Туған жерге Туған жерге
Күнім сенсің, тас төбемде тұрса түн, Анам сенсің, жолдан тайсам, ұрсатын. Саған қарай ұлып келем, туған жер, Көктем жаққа құстар солай ұшатын.
Ай да бүгін аласарып Ай да бүгін аласарып
Ай да бүгін аласарып төбемізден сөнеді, Сәулешімді ұлықсатсыз қайта - қайта көреді. Көлегейлеп жабар едім албыраған жер жүзін, Бірақ менің өзімнің де
Жүрсем деймін көңіл шат, гүлді алаңдай Жүрсем деймін көңіл шат, гүлді алаңдай
Жүрсем деймін көңіл шат, гүлді алаңдай, жанарыма, жаныма мұң қамалмай. Жақтырмайды біреулер, менің үнім желкесін тырнағандай.
Қасыңда жүрсем Қасыңда жүрсем
Қасыңда жүрсем, Қадірім саған жоқ екен. Қасыңнан кетсем, Адамның нағыз қоры екем.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×