ойын сауық отауы
Ана тілі
05.03.2017 8 178 0 Дауыл

Ана тілі

Өлеңдер
Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Ана тілі
Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгін де
Менің ана тілімде.
Қазақ болып туылғаннан соң, бөбегім,
Қазақ болып өлген жақсы түбінде.

Барлық тілді үйренерсің сен әлі,
Жігіт болып саналы.
Қайда жүрсең, өз еліңді ұмытпа,
Өз еліңнің туын көтер жоғары.

Мен анамды ұғындым деп мақтанам,
Тілін білдім, жарын білдім сақтаған.
Өз анасын сыйламаған пақырлар
Отанын да сыйлап көрген жоқ, балам.

Ұлым, менің бұл сөзіме бағарсың,
Жанар кезде өзің де от боп жанарсың.
Менің қазақ жүрегімді ал, тілімді ұқ,
Ал басқасын өзің тауып аларсың.

Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері

Өмір, қымбаттым менің өлеңі Тұманбай Молдағалиев Өмір, қымбаттым менің өлеңі Тұманбай Молдағалиев
Ақшашты атадан қорқам, Өзім сондай болам - ау деп. Мүрделі жотадан қорқам, Мен де сонда қалам - ау деп,
Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба? Тұманбай Молдағалиев Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба? Тұманбай
Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба, Қатығыңды түндегі шайқадың ба. Құлшынасың толқындар алып қашып, Құлаш ұрған баладай қайта ағынға.
Сағыныш. Тұманбай Молдағалиев Сағыныш. Тұманбай Молдағалиев
Сағынамын құрбы қызды шамын жаққан бөтеннің, Қызығамын өміріне бақыт тапқан екеудің. Қайда жүрсем достарыма ауыл жайлы шертем жыр, Мүмкін әлгі құрбы
Жалғыз қайың. Тұманбай Молдағалиев Жалғыз қайың. Тұманбай Молдағалиев
Жалғыз қайың, сені көрсем, жабығам, Қайдағы бір өткенімді сағынам. Жалғыз тамшы жас жанардан төгілген, Жалғыз жапырақ ерте үзілген бағынан.
Мың жасаған ағаш Мың жасаған ағаш
- Мың жасапты мына ағаш, Көпті көрген о да қарт. Қыз бен жігіт аралас Қарай қалдық тұра қап.
Ай да бүгін аласарып Ай да бүгін аласарып
Ай да бүгін аласарып төбемізден сөнеді, Сәулешімді ұлықсатсыз қайта - қайта көреді. Көлегейлеп жабар едім албыраған жер жүзін, Бірақ менің өзімнің де
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×