ойын сауық отауы
Тәнім менің тіл қатар
12.03.2017 1 717 0 Дауыл

Тәнім менің тіл қатар

Өлеңдер
Балаларға балғын тілек

«Балғын балалық» - белгілі балалар ақыны Абдрахман Асылбектің соңғы жылдары балаларға арнап жазған өлеңдерінен, жұмбақтарынан, ойындарынан, ертегілерінен және ән - өлеңдерінен тұрады.

Авторы: Абдрахман Асылбек

Тәнім менің тіл қатар
Бал, балақан, ойлашы,
Ой түбіне бойлашы.
Он екі мүшең түп - түгел
Тіршіліктің қоймасы:

Көз
Жақсы, жаман неменің
Мән бәрін де көремін.
Жаманынан қашықтап,
Қалап алғын керегін.

Құлақ
Жақсы сөзді тыңдаймын,
Жаман сөзге қыңбаймын.
Жақсы хабар естісем,
Жеткізгенше тынбаймын.

Мұрын
Сезіміме сиысты
Сезем барлық иісті.
Адам жаман иісті
Иіскемеуге тиісті.

Ауыз
Ауызбын деп жей берем,
Бере берсе дей берем.
Артық ішіп қоям деп,
Таяқ жеймін кейде мен.

Тіс
Болса егер тіс бүтін,
Болар сенде іш бүтін.
Ауырмаған адамда
Әрқашан да іс бүтін.

Тіл
Тіл сезем ащы - тәттіні,
Жұмсақ пенен қаттыны.
Байланысты тек маған
Балалардың шаттығы.

Миық
Болса көңіл биік тым –
Керілгені миықтың.
Бірге күлер сенімен
Шұғыласын құйып күн.

Ияқ
Сене берме иыққа,
Оған ақыл сиып па?
Қиқаң етсе иығың,
Тірелгенің тұйыққа.

Аяқ
Баспаған жерім болмайды,
Аспаған жерім болмайды
Жүре берсең, түбінде
Ісіңді Алла қолдайды.

Қол
Мен шебермін, шебермін,
Бәрін жасап берермін.
Қолдан келмес еш зат жоқ,
Еңбегіммен көгердім.

Жүрек
Мен – жүрекпін, жүрекпін,
Бір сезімге тірекпін.
Жамандықтан жиреніп,
Жақсылықтан гүл ектім.

Бас
Мен бас болам, бас болам,
Ақыл - ойды басқарам.
Өз тәніңді билей біл,
Жаны жарқын жас балам!

Менің жадым
Ойнай бермей, ойлашы,
Ой түбіне бойлашы.
Менің жадым – сыр сандық,
Ақылымның қоймасы.

Ата сөзін тыңдаймын,
Ана сөзін тыңдаймын.
Жаттап алып жақсысын,
Жаман істер қылмаймын.

Ертегі де оқимын,
Өлеңді де оқимын.
Бәрін, бәрін, бәрін де
Еске сақтап, тоқимын.

Көп киноны көремін,
Мультфильм де көремін.
Соның бәрін ұмытпай,
Еске сақтай беремін

Тыңдап әнші әнін де,
Ұғып терең мәнін де,
Жаттап алып ілезде,
Қайталаймын бәрін де.

Өзімді - өзім баптаймын,
Оқып тыным таппаймын.
Жақсыларын жаттаймын,
Есімде ұзақ сақтаймын.

1 қазан Қарттар мерекесіне арналған өлең, тақпақтар жинағы 1 қазан Қарттар мерекесіне арналған өлең,
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар! Әр күлгенің бізге бақыт саналар. Еңбегіңді еш етпейтін өмірде Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Жамандық, жаман адам туралы мақал - мәтелдер Жамандық, жаман адам туралы мақал - мәтелдер
Арбадан үркіп жаман ат ер салдырмас жал бітсе. Қасына қоңсы қондырмас қас жаманға әл бітсе (Есет би).
Жақсы мен жаман Жақсы мен жаман
Жақсы деген немене? – Әдеп пенен өнеге! Үлкендерді сыйлауың, Ақыл сөзін тыңдауың.
Ана тілім Ана тілім
Ана тілін білмесең, Қадірлісің кімге сен? Өзге тілге шырмалып, Адасасың бірге сен.
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман, Шошимын кейінгі жас балалардан. Терін сатпай, телміріп көзін сатып, Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман.
Үй іші - семьяға байланысты мақал - мәтелдер Үй іші - семьяға байланысты мақал - мәтелдер
Үй іші - семьяға байланысты мақал - мәтелдер
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×