ойын сауық отауы
Ақбақай көлдің жағасы
06.06.2017 1 389 0 Дауыл

Ақбақай көлдің жағасы

Өлеңдер
Ақұштап Бақтыгереева

Ақбақай көлдің жағасы
Ақбақай деген бұл жер көл болыпты,
Жағалай Ақбақайды ел қоныпты.
Онда да бірден біреу кем болыпты,
Онда да бірге біреу тең болыпты.
Сең көшіп, суға толып өткелдері,
Құс келген думандатып көк пен жерді.
Қиқулап қаздар қайтқан күз келгенде,
Көлдің де өткен бастан көктемдері.
Малды ауыл жаз жайлауға көшіп жүрді,
Өмірге сәби келді, есін білді.
Сол жерде той да тойлап бабаларым,
Өткізді кейде ауырлау Мешін жылды.
Қайтпаған қайсар өткен алған беттен,
Сері өткен ел қыдырып тарлан көкпен.
Махаббат күйін кешкен түрліше әркім
Талайы Айнамкөздің арманда өткен.
Кедейдің кешсе біреу ауыр халін,
Таланттың көмейінен ағылған үн.
Олар да наз айтысып, жылап, күліп
Даланың бастан кешкен дауылдарын.
Сұлулар Ақбақайдан су алыпты,
Кей жігіт күте алмаған құдалықты.
Бәріне іңкәр көңіл ғашық жастар
Жыңғылдың гүліне де қуаныпты.
Өтіпті талай боздақ ардақталған,
Үлесті тағдыр бірақ таңдатпаған.
Бай Медет отыз ұлы болып тұрып,
Кейіннен «Ой, Зәуреш» деп зарлап қалған.
Дауысы елден ерек, аспандаған,
Ешкімге жағынбаған, жасқанбаған.
Мұхиты Мералының келмейінше
Бұл маңның той - жиыны басталмаған.
Онда да әңгіме - аңыз қозғалады,
Онда да өткен талант соз болады.
Алқа топ отырады қызық көріп
Ортаға ап Мұхит деген бозбаланы.
Үйреніп оның әнін әрбір ұлан,
Даланың естіледі ән өр қырынан.
Осылай кеткен кезіп аспан астын
Кеудені жарып шыққан жаңғырық өн.
Жоғалмас «Айнамкөзді» шырқатқан күн,
Сүйген жар кеудесіне гүл таққан күн.
Өмір де, асқақ ән де қайталанып
Келеді ғұмырымен ұрпақтардың.

Бір көлдегі үш балық - Сәбит Дөнентаев Бір көлдегі үш балық - Сәбит Дөнентаев
Үштен артық балық жоқ, Маңайында халық жоқ, Көл болыпты бір жерде, Ерте күнде қыстаған,
Бар махаббат - Ақұштап Бақтыгереева Бар махаббат - Ақұштап Бақтыгереева
Сенбе дос, өз сертінде тұрмағанға, Махаббат жалған десе бұл ғаламда. Махаббат болмаса егер, дала кезіп, Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма.
Айдын көлдің арызы Айдын көлдің арызы
Қонатын қаздар қаңқылдап Мөп - мөлдір еді айдыным. Ойнайтын сазан жарқылдап, Есепсіз еді байлығым.
Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын
Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын, Қажет болса мінбеге шыға аламын. Бала көңіл, момақан «қазақ» деген Елдің қызы болғанға қуанамын.
Біреу бай, біреу жарлы Біреу бай, біреу жарлы
Біреу бай, біреу төре, біреу жарлы, Көбі зарлап төгіп жүр жас пен қанды. Атаңды жау шапқанда бірге шауып, Борсықтар семіріп жүр көміп арды.
Суға барған сұлулар Суға барған сұлулар
Бойжеткендер, Балдыздар Бір кездегі аңыздай. Су тасиды бал қыздар Бір тамшысын тамызбай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×