ойын сауық отауы
He айтам саған, жаным - ай
11.07.2016 8 662 0 Дауыл

He айтам саған, жаным - ай

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаевтың өлеңі He айтам саған, жаным - ай

He айтам саған, жаным - ай, не айтам саған
Кете бердім жолменен шайтан салған.
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ».
Қиын екен қосылып, қайта аңсаған.
... Сен қалдың қадіріме жетпей менің,
Шын берілсең, қара үзіп кетпейтін едім.
Сол сәттен көз алдымда қалғаны тек
Үстінде желбіреген көк көйлегің.
... Сонымен сен де кеттің, мен де кеттім,
Ойран - асыр көңілді жөндемек кім?
Кімді сүйсең оны сүй, бақытты бол!
Бірақ менің сүйгенім сен демекпін.
Мейлі күн, мейлі айлар, жылдар өтсін,
Өкініп, опық - жейтін мезгіл жетсін.
Шынайы саған деген махаббатым
Өміріңе қарыз боп бірге кетсін.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Әже туралы ән Әже туралы ән
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған, Сағынышым - сары ормандай самсаған. Әке болып жүргенімді ұмытып, Әлі күнге еркелеймін мен саған.
Болады деп арманда Болады деп арманда
- Ал енді мен ақыл айтам, Ақыл айтам, таңданба. Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге, Жалғанға. Мына өмірде, жүрегіңде, Бойыңда ыстық қан барда.
Жасасаң қайыр, қарыз... Жасасаң қайыр, қарыз...
Жасасаң қайыр, қарыз деп айтпа, жарқыным! Қарыз ғып берсең, қажет те емес алтының. Өгіз боп саған, өткерер менің жайым жоқ. Өмірдің қалған тамтығын.
Елім, саған ғашықпын! Елім, саған ғашықпын!
Елім! Саған ғашықпын. Ғашықпын саған: Құмарымды қандырмап едім. Батыр болып, бақ қонып, асып тұрса адам, Қаруы жоқ құлың ғой алдыңда сенің.
Алаула, шындық – ақ жалын Алаула, шындық – ақ жалын
Санамда мәңгі бекінген, Ғаламға шындық білдірген, «Правда» сенің бетіңнен, Арымды танып білдім мен,
Айтатын саған сырым бұл Айтатын саған сырым бұл
Айтатын саған сырым бұл, Ертеңім менің бұлыңғыр. Әлсіреп, дымым құрып жүр. Адасып менен кеткен бе?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×