ойын сауық отауы
Телефонға кешкісін телміремін. Бек Ноғайбайұлы
01.07.2017 1 028 0 Дауыл

Телефонға кешкісін телміремін. Бек Ноғайбайұлы

Өлеңдер
Телефонға кешкісін телміремін.
Автор: жас ақын Бек Ноғайбайұлы

Телефонға кешкісін
телміремін
Сыбырлар құлағыма
кешім не деп?
Сол кеш сені құшқаным
есімде тек.
Алғаш сені қысып бір
құшқанымды,
Отырмын парағыма
Көшірмелеп

Тілегімді қош етпес Құдай
неғып,
Құшағыма еніп ең құлай
келіп.
Қос ғашығын қосақтап
бірге емізген,
Сол кешті енді екеуіміз
Ұмай делік.
Сезімнің сені көріп
айнасынан,
Сені көрем жарқ етсе жай
басынан.

Телефонға кешкісін
телміремін,
Жұматайдай хат күткен
Ләйласынан.
Айрылып қалмасын деп
қолдағыдан,
Кешкісін түсіп отыр торға
бұл ән.

Айға атыңды жеткізіп
жырлап жатсам,
Қай жерің кем Естайдың
Қорланынан.
Телефонға кешкісін
телміремін,
Жырымнан біліп алды ел
білерін.
Саған қарай қиқулап ұшу
қалды,
Одан басқа шарам жоқ
енді менің.

Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы
Үштөбе жалпы білім беретін тірек мектебі «РО» КММ
Жинақтаған: 9 сынып оқушысы Серікова Айгерім Серікқызы
Жетекшісі: Өзін өзі тану мұғалімі Жунусова Куралай Мухамедьяровна.

Бек Ноғайбайұлы. Автобиография Бек Ноғайбайұлы. Автобиография
Жас ақын Бек Ноғайбайұлы 1997 жылы наурыз айының 15 жұлдызында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі ауылында дүниеге келген.
Бұл өмірде мен ғана бақыттымын. Бек Ноғайбайұлы. Бұл өмірде мен ғана бақыттымын. Бек Ноғайбайұлы.
Бұл өмірде мен ғана бақыттымын Тағы сен сарғая кеп жырлайтыным, Қаламға бір минутта қылмай тыным, Білесің бе сен десе жыр көшінің, Жүректен ақ
Аспанның періштесі шығарсың сен. Бек Ноғайбайұлы. Аспанның періштесі шығарсың сен. Бек Ноғайбайұлы.
Аспанның періштесі шығарсың сен, Сен болып кеткендей – ақ қыл қаламым, Бәрі жұпар мен үшін түнгі Ауаның, Түнгі аспаннан бір жұлдыз жымың қақса, Сенен
Қара қамшы. Бек Ноғайбайұлы шығармашылығы. Қара қамшы. Бек Ноғайбайұлы шығармашылығы.
Қара қамшы Қара қамшы енесің түсіме кей кездерде, Ұйықтасам да тып – тыныш кісінемей. Жон арқамнан осып бір оятуға, Тұрасың босағада күшің келмей.
Ойнақтаған ойларым далада жүр. Бек Ноғайбайұлы. Ойнақтаған ойларым далада жүр. Бек Ноғайбайұлы.
Ойнақтаған ойларым далада жүр, Тәнтіреп тәнім қалды қалада құр, Балқантауда қалып еді Тұрсын жалғыз, Менде жалғыз қалармын қара да тұр.
Түн. Бек Ноғайбайұлы шығармашылығынан Түн. Бек Ноғайбайұлы шығармашылығынан
Желменен тербелсе жапырақ, Мен оны ойлаймын жатып ап. Бір кезде әйнектің сыртынан, таныс үн Тілдері күрмеле шақырад.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×