Әжеме сағыныш
Өлеңдер
Әжеме сағыныш.
1. Бір жыл болды өзіңді көрмегелі,
Мейірімің мен шуағыңды сезбегелі.
Сағыныштан сарғайып қалам алдым,
Шабытымның суына шөлдегелі.
2. Әже сенен үйрендім мен барлығында,
Жоқтығың сенің мені салды қайғы мұңға.
Мектептегі алғашқы күні жылап келдім,
Жәутеңдетіп жүзімді алдыңызға.
3. Жетектеп қолды қысып, алып бардың,
Мұғалімге мен үшін айқай салдың.
Тәтелерім үйге келсе бәрін бірдей,
Немереме не әкелдің деп сұраққа алдың.
4. Мейлі басын екі әріптің құрамадым,
Неге өйттің деп менен сен сұрамадың.
Балалықпен ойнап сені қамасам да,
Кешірмей сен де мені тұра алмадың.
5. Жылағанда мен екен деп бұрылдың,
Талай құлап, сүрініп мен жығылдым.
Ұрысса да анам, әкем сенсің деп
Басқаға емес саған барып жыладым.
6. Кешір мені, бұзық болдым талайда,
Әлі есімде қамағаным сарайға.
Жаныңа алып бір елі тастамадың,
Жақсы көрем бірақ сені қалайда.
7. Асыл бейнең кетер емес алдымнан,
Сенімен ғана көрікті екен бар тұлғам.
Қалам алып жырды үйіп төксем де,
Сенің үнің жарқын үнің жаңғырған.
8. Жансыз сенің суретің ілулі тұр,
Жанымды елең етер құдірет бұл.
Ақ жарқын жүзіңді мен елестетем,
Шын сағынам әрқашан, осыны біл!
9. Балаңның бақытын да білгендейсің,
Әр кез менің қасымда жүргендейсің.
Анаммен әкемнен де жақсы көрем,
Жырыма жымиып сен күлгендейсің.
10. Жазамын әлі жырымды, осымен тоқтап қалмаймын,
Кешір мені енді бұзық болмаймын.
Осы жерде балалықпен қоштасамын,
Бәрібір мен,
Сенен басқа ешкімге еркелей де алмаймын!
Автор: Санақұл Бексұлтан Бағдатұлы
1. Бір жыл болды өзіңді көрмегелі,
Мейірімің мен шуағыңды сезбегелі.
Сағыныштан сарғайып қалам алдым,
Шабытымның суына шөлдегелі.
2. Әже сенен үйрендім мен барлығында,
Жоқтығың сенің мені салды қайғы мұңға.
Мектептегі алғашқы күні жылап келдім,
Жәутеңдетіп жүзімді алдыңызға.
3. Жетектеп қолды қысып, алып бардың,
Мұғалімге мен үшін айқай салдың.
Тәтелерім үйге келсе бәрін бірдей,
Немереме не әкелдің деп сұраққа алдың.
4. Мейлі басын екі әріптің құрамадым,
Неге өйттің деп менен сен сұрамадың.
Балалықпен ойнап сені қамасам да,
Кешірмей сен де мені тұра алмадың.
5. Жылағанда мен екен деп бұрылдың,
Талай құлап, сүрініп мен жығылдым.
Ұрысса да анам, әкем сенсің деп
Басқаға емес саған барып жыладым.
6. Кешір мені, бұзық болдым талайда,
Әлі есімде қамағаным сарайға.
Жаныңа алып бір елі тастамадың,
Жақсы көрем бірақ сені қалайда.
7. Асыл бейнең кетер емес алдымнан,
Сенімен ғана көрікті екен бар тұлғам.
Қалам алып жырды үйіп төксем де,
Сенің үнің жарқын үнің жаңғырған.
8. Жансыз сенің суретің ілулі тұр,
Жанымды елең етер құдірет бұл.
Ақ жарқын жүзіңді мен елестетем,
Шын сағынам әрқашан, осыны біл!
9. Балаңның бақытын да білгендейсің,
Әр кез менің қасымда жүргендейсің.
Анаммен әкемнен де жақсы көрем,
Жырыма жымиып сен күлгендейсің.
10. Жазамын әлі жырымды, осымен тоқтап қалмаймын,
Кешір мені енді бұзық болмаймын.
Осы жерде балалықпен қоштасамын,
Бәрібір мен,
Сенен басқа ешкімге еркелей де алмаймын!
Автор: Санақұл Бексұлтан Бағдатұлы
Әжеме сағыныш әжетай мейірім сағыныш әжеге арналған өлең ана туралы өлеңдер ана туралы өлең ана жайлы өлең
Сен де мені тергемеші. Танакөз Толқынқызының
Сен де мені тергемеші Шалқасынан туған айым. Жер болғанда жерлемеші, Мен де сені қинамайын...
Сүйген қызыңа немесе жан жарыңа арналған хаттар.
Сәлем, қымбаттым! Сен бұл хатты, мүмкін, ешқашан оқымайтын шығарсың...
Туған жерге
Күнім сенсің, тас төбемде тұрса түн, Анам сенсің, жолдан тайсам, ұрсатын. Саған қарай ұлып келем, туған жер, Көктем жаққа құстар солай ұшатын.
Өзіңді жерлеп келіп, жапа - жалғыз отырмын
Өзіңді жерлеп келіп, жапа - жалғыз отырмын. Меңіреумін. Айналамда қыстыққан еңіреулі үн...
Анама хат
Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам! Арнап хат жазайын деп, алдым қалам. Сені онда, мені мұнда аман сақтап, Көруге жазғай еді Хақ тағалам!
Бөбекке тілек
Сеніменен атаң - әжең нәрленді, Әр қылығың ана жүзге әр берді. Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің Құлағына шырылдаған ән келді. Әдемі ән еді, бәрі бірге