Анама хат
Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов
Анама хат
Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!
Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай еді Хақ тағалам!
Бара алмай, өтірікші болып әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң.
Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,
Өкімет, өр зорлыққа не бар шараң!
«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар,
Жолдар көп жәннатқа да тарам - тарам.
Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма, оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам.
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай, не бетіммен көрге барам?!
Көп айтпай, қысқасынан сездіретін -
Балаңның мінезі бар сөзге сараң:
Кетер деп «суға құлап, отқа түсіп»,
Қайғы жеп, менің үшін болма алаң!
Отырмын абақтының бөлмесінде,
Бұйрықсыз көз жетеді өлмесіме.
Есіктің құлпы мықты, күзетші кеп,
Ажалдан басқа ешкім келмесіне.
Қоршаулы айналасы, биік қорған,
Берік қып салған темір терезесіне.
Қалайша мұны көріп көңіл сенбес
Аттанып жау келсе де бермесіне.
Каламда Лаухул - Махфуз ұмытқан ба,
Жазбапты бұл орынды көрмесіме.
Қаңбақпен салмағың тең бұл бір заман,
Ылаж жоқ жел айдаса ермесіне.
Тайпалған талай жорға, талай тұлпар
Тағдырдың кез болып тұр кермесіне.
Солардан жаным, тәнім ардақты емес,
Орынсыз күйзелейін мен несіне!
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны
Анама хат
Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!
Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай еді Хақ тағалам!
Бара алмай, өтірікші болып әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң.
Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,
Өкімет, өр зорлыққа не бар шараң!
«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар,
Жолдар көп жәннатқа да тарам - тарам.
Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма, оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам.
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай, не бетіммен көрге барам?!
Көп айтпай, қысқасынан сездіретін -
Балаңның мінезі бар сөзге сараң:
Кетер деп «суға құлап, отқа түсіп»,
Қайғы жеп, менің үшін болма алаң!
Отырмын абақтының бөлмесінде,
Бұйрықсыз көз жетеді өлмесіме.
Есіктің құлпы мықты, күзетші кеп,
Ажалдан басқа ешкім келмесіне.
Қоршаулы айналасы, биік қорған,
Берік қып салған темір терезесіне.
Қалайша мұны көріп көңіл сенбес
Аттанып жау келсе де бермесіне.
Каламда Лаухул - Махфуз ұмытқан ба,
Жазбапты бұл орынды көрмесіме.
Қаңбақпен салмағың тең бұл бір заман,
Ылаж жоқ жел айдаса ермесіне.
Тайпалған талай жорға, талай тұлпар
Тағдырдың кез болып тұр кермесіне.
Солардан жаным, тәнім ардақты емес,
Орынсыз күйзелейін мен несіне!
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны
Анама хат Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері Байтұрсынұлының шығармалары аудармалары Ахмет Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері өлең өлеңдер Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері ана туралы өлеңдер ана туралы өлең ана жайлы өлең
Әжеме сағыныш
Бір жыл болды өзіңді көрмегелі, Мейірімің мен шуағыңды сезбегелі. Сағыныштан сарғайып қалам алдым, Шабытымның суына шөлдегелі.
Неаполь халқының әуендерінен
Бәрі бекер, тәтті сөзге Уланыппын бекер мен. Қара жермін, қасіретті Иығымнан көтерген.
Ақсақ Темір мен түрік әміршісі Баязит туралы
Ертеде Ақсақ Темір түрік әміршісі Баязитті жеңіп, оны тұтқынға алыпты дейді. Сол Баязитті Ақсақ Темірдің алдын алып келсе, оның денесі бір жағына
Көңілің ауасындай тымық қырдың, бәрін де ұғып
бәрін де ұғып тұрдым. Жанарымнан от - ұшқын шашылғанмен, жанымда тұнып тұр мұң - сен мені ұмыт, құрбым.
Жау жеңді, берік қамады
(Әбу Фирастан) Жау жеңді, берік қамады, Кісендемін - тұтқынмын! Тамшылап қаным ағады, Сарғайтасың етпей, күн!
Қаптесер мен көртышқан
Қаптесер мен көртышқан Қаптесер келіп айтты Көртышқанға: «Бір хабар шашылып тұр жер - жаһанға. Күн туып біздерге де көз ашқандай,