ойын сауық отауы
Мұқағали Мақатаев - Жүректесің.
01.12.2017 98 701 0 Дауыл

Мұқағали Мақатаев - Жүректесің.

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев - Жүректесің
Көрінбейді, көріктім көзің мүлде,
Сені ойға алып айтылар сөзім бірде,
Сені есімнен шығарам деп жүргенде
Есім шығып кетіпті өзімнің де.
Неше жазбен, күз өтті, неше көктем
Күндерімді аңсаймын кешегі өткен,
Əлі есімде, Ақпанда біз екеуміз
Аппақ қарды саялап төсе кеткен
Есіңде ме көп еді арманымыз
Аққала шырша болған жан жағымыз.
Сен сол күннің барлығын ұмыттың ба?
Телефонмен атушы ет таңдарымыз.
Сен менің, жүрегімнің жүрегісің
Жүрегімді сағынтып жүремісің.
Мен саған қаншама əн арнап едім
Тым болмаса біреуін білемісің?
Соңғы рет сені көріп үлгерем бе?
Басқаға ілесіпсің жүр дегенге.
Қай күні тұрмыс құрып ұзатылып?
Қай күні ана болдың білмегенге.
Сезім, басты қайғыға алып тықты
Бір пысық жан өзіңді тауып күтті.
Он екі айды баяндап отырғанда,
Он екі тал темекі жанып бітті.
Осылай ғашық болғам бір аруға,
Əлім жетпей есімнен шығаруға.
Жылуын жүрегімнің сезіне алмай
Сұлуым, кезіктірген сыңарында.
Менің ғана жүрегім қайғы алыпты
Ол бақыттан көңілі жайланыпты.
Кеше ғана, кеш батса шықпайтын қыз,
Отбасысы бар əйелге айналыпты.
Өмір ғой, өтер артқа бір қарамай,
Келбеті де көркем ет тұнған арай.
Тағыда туған күні жақындады
Мұңға батып отырмын мұңдана алмай.
Ұзатылды, естідім, жыламайды
Сеземін ол əлі мені кіналайды.
Біз екеуміз көктемде қоштасқанбыз,
Сондықтан маған көктем ұнамайды.
Ел кезіп кетсем бе екен бір ақындай?
Сол кезде мені бәрі ұғантындай.
Адамдар көктемді көп күтеді ғой,
Ал көктем, мені күтіп тұратындай.
Сезімім, сенімімді сатып берді,
Қайдан іздеп табайын бақытты енді
Қыста келді келесі мезгіл көктем.
Халық танып, жұбатар уақыт келді.
Іздеп сені тапсам да, бара алмаймын,
Мен сол қара жігітпін, ағармаймын.
Сұрайтыным қайтаршы сезімімді
Өзгеге де ғашық болып əн арнайын.
Мойнымдағы тым ауыр шіркін жүктер,
Соңғы рет бір көрейін мүмкіндік бер.
Енді мен жар болатын жан іздеймін,
Айналамда толып жүр бір түндіктер.
Баяғы бақ дəулетке қайта алмаймын
Жанымды жеп жүр менің байқалмай мұң.
Сағыныш оты бір күні сөніп қалар,
Қызғаныш отын бірақ айта алмаймын.
Күйіп барам, досым - ау жолдас бегім,
Ғашық адам ұмытпай оңбас дедім.
Көгершінім əлі де сені ойлаймын,
Сен болмасаң мен ақын болмас па едім?
Адам, адам қартаяр жасармайды,
Мені қинап сүйреп жүр асау қайғы.
Жүз арумен жатсамда аймаласып
Сенің тəтті ерніңнен аса алмайды.
Саған өмір керектің бəрін берген,
Жанарымды жасырдым жалын көрген.
Таң қаларым күйеуің сүйіп жүрген
Ерніңнің мен бірінші дəмін көргем.
Өтті кетті, бəрі де оралмайды,
Өкінгенмен еш пайда бола алмайды.
Артық айтсам ақылдым айып етпе
Сенің жүзің жүректе жоғалмайды.
Қатайғаны сезілді қанатымның,
Сондада сені ойласам уайым жұтам,
Сен үшін көзімді ілмей таң атырдым,
Ал ендеше ұқтаймын, Қайырлы таң!

Соқ, жүрек! Соқ, жүрек!
Қалай - қалай соғады, қан - жүрегім?! Соғасың, әлі өмірің бар білемін. Дем ала «әй, байғұсым, дем ала ғой. Бұл тірлікте құм арым қанды менің.
Сені азамат дегенге... Сені азамат дегенге...
Сені де адам дегенге Сенбейін бе, сенем бе?! Ойнақ салдың төбемде, Көнбейін бе, көнем бе?!
Сен жастықтың сақшысы Сен жастықтың сақшысы
«Лениншіл жасқа» Сен алғы шерудесің, Өмірдесің Еліңнің көгіндейсің. Таң атқанда қазақтың жастарына, Таң жұлдызы Шолпан боп көрінгенсің.
Сезім Сезім
Арпалысып ақылмен, төзімменен, Бір сәт те дем алмайды сезім деген. Шыр етіп жерге түскен шілдехана, Келеді дүниені кезуменен.
Нені аңсаймын Нені аңсаймын
Нені аңсаймын?.. Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын, Heгe аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын Ұл де, мейлің, адасқан құл де, мейлің,
Менің кішкентай күнім Менің кішкентай күнім
Көтеріп сені батырып, көтеріп сені шығарам, Кішкентай күнім, сенсіз мен өмір де сүріп шыдаман. Кішкентай күнім, сені мен арқалап жүріп айығам,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×