ойын сауық отауы
Есті көрсең кем деме. Асанқайғы Сәбитұлы
01.02.2018 5 971 1 Дауыл

Есті көрсең кем деме. Асанқайғы Сәбитұлы

Өлеңдер
АСАНҚАЙҒЫ СӘБИТҰЛЫ

Есті көрсең кем деме,
Бәрі тұйғын табылмас.
Қарындасты жамандап,
Өзіңе туған табылмас.
Адам өзі айтар деп,
Көңіліңді салмағын.
Нәпсі алдаушы дұшпанның
Насихатын алмағын.
Бақыты оянған ерлердің
Әрбір ісі оң болар.
Дәулеті күнде артылып,
Не қылса да мол болар.
Тазылары түлкі алып,
Қаршығасы қаз іліп,
Сөз сөйлесе жөн болып,
Не десе де жарасар...
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа.
Күнінде өзім болдым деп,
Кең пейілмен таласпа.
Артықүшін айтысып,
Достарыңмен санаспа.
Білімім жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөз бастама.
Жеңемін деп біреуді,
Өтірік сөзбен қостама.

Мағыналы сөздер Мағыналы сөздер
1. Кербез қыз қартайғанын сезбейді. 2. Жақсы әйелдің баласы да күтулі, жұмысы да бітулі. 3. Әйелін сыйлаған, үйін сыйлаған, елін де сыйлай біледі.
Достық туралы мақал – мәтелдер №2 Достық туралы мақал – мәтелдер №2
Сырты жылтыр, іші бос, Қуыршақпен болма дос!
Май Май
Бұл күнде нұрлы аспаны Көрсең ғой көркем қаланы! Туған ел тойын бастады, Басталды майдың парады!
Әй, жігіттер Әй, жігіттер
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз, Азған елдің ішінен. Алыс - алыс қашыңыздар, Зияндасты кісіден.
Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние
Өлімнің хақ екенін көрсең де, Өлместей омыраулап, шатасың. Тозақтың барын біліп жүрсең де, Күнәға, әлің келсе, батасың.
Бала болғым келеді Бала болғым келеді
Сабақтан қайтып келем екі - үш қызбен, Қыздар мәз болушы еді жүрсе бізбен. Айтысып әзіл - қалжың күлісеміз Нұр тамып, гүл жайнаған жастық жүзден.
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ануар
#1 Ануар Қонақ 26 қараша 2018 18:41
сізге үлкен рахмет айтамын
×