ойын сауық отауы
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
16.05.2018 10 563 0 Дауыл

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өлеңдер
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Тірлік - күрес. Жеткізе ме мұратың.
Сол тірлікте керек екен бір адам
Жүрегіңді жақынырақ ұғатын.

Кездеріңде құлдыраған, құлаған,
Кездеріңде қиянаттан жылаған,
Жұрт аяйды,
Бірақ сенің жаныңда
Қалмайды ешкім: қалатыны бір адам.

Сол адамның жақын болар аты тым,
Бөліседі ол жақсылығын, уақытын.
Сол адаммен жеңілірек жүгің де,
Сол адамға байланысты бақытың.

Болсын сенде дос ондаған, жүз мейлі,
Болсын бәрі мейірімді, ізгі ойлы.
Бір - ақ адам сеніменен бақытты
Бір - ақ адам сені ойлайды, іздейді.

Сені ешқашан шығармас ой санадан,
Қасіреттен, қайғы, мұңнан, наладан,
Жауыздықтан, жамандықтан, жаладан
Құтқармайды одан басқа жан адам.

Түсінбеске түсіңді де жорытпа,
Жүрсең - дағы жолүстінде, жорықта,
Сені жақсы көретұғын жан барда
Басқаларға басыңды име, қорықпа!

Тастамайды ол төпесе де ақпан қар,
Сол адаммен арайлырақ ақ таңдар.
Сондай адал жар кездессін сендерге,
Сондай жарды аялаңдар, сақтаңдар.
Күләш Аxметова.

Көңілің түскенде оқы! Көңілің түскенде оқы!
Өмірдің басқа атауы жоқ. Өмірдің аты – өмір. Әр адам өз өмірінің суретшісі, өз бақшасының бағбаны. Сіз қандайсыз, өміріңіз де сондай.
Мен жақсы адаммын ба? (мотивация) Мен жақсы адаммын ба? (мотивация)
Мотивация - Мен жақсы адаммын ба? - Әрине, сен өте жақсы адамсың.
Адам туралы мақал - мәтелдер Адам туралы мақал - мәтелдер
Адам адаммен, жер сумен.
Бес түрлі адаммен достаспа! Бес түрлі адаммен достаспа!
"Әкем имам Зәйнулабидин хазірет маған: - Бес түрлі адаммен сөйлеспе, дос болма, - деп насихат айтты.
Шарап Шарап
Шарап, сенде бар жүзімнің ашу, кегі, ызасы. Саған басын тұрады иіп дастарханның жүз асы. Жасайсың сен ырду - дырду той - тамаша, сауық кеш, Сол
Сені азамат дегенге... Сені азамат дегенге...
Сені де адам дегенге Сенбейін бе, сенем бе?! Ойнақ салдың төбемде, Көнбейін бе, көнем бе?!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×