ойын сауық отауы
Бәлкім. Танакөз Толқынқызының өлеңі.
03.08.2018 2 667 0 Дауыл

Бәлкім. Танакөз Толқынқызының өлеңі.

Өлеңдер
Танакөз Толқынқызының өлеңдері
Бәлкім

Бәлкім, менің болмысым
бөлек шығар?!
Ал, сен қалай ойлайсың,
зерек шынар?!
Бар - жоғыңды өмірде білу үшін
Әлдекімді сағыну
керек шығар?!

Сыр сақтауға үндемей
терек шыдар,
Жан іздедім жанымды
ерекше ұғар.
Біз жолықтық.
Маңдайға жазғаны – сол.
Өлең байғұс жай ғана
себеп шығар.

Көңіліңде бір бейне көлбеңдесе,
Өлең, шіркін, сөйлейді өлген кеше.
Сағынышты мен ойлап тапқан жоқпын
Сенем оны ғарыштан келген десе.

Сүюдің де бар болар заңдылығы.
Еркелесем, оятам таң күдігін.
Бал қылығым сор болды... кешір жырдың
Ешбір заңға бағынбас әңгүдігін.

Жан табылмай өмірде сұңғақ одан,
Қиялымды ақ бұлтқа бұлғап алам.
Алабұртып өмірден өту үшін
Көңіліңде жүрсін бір жұмбақ адам.
Танакөз Толқынқызының басқа өлеңдерін қарау

Сен ғана. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Сен ғана. Танакөз Толқынқызының өлеңдері.
Некемді мекер мұңмен қидырамын, Өлеңнен кәттай шарап құйдырамын.
Иығыңа сүйеп едім басымды... Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Иығыңа сүйеп едім басымды... Танакөз
Иығыңа сүйеп едім басымды, Бүлік сезім бұрқ етті де басылды... Тулаптай - ақ қояйықшы жүректі, Шулатпай - ақ қояйықшы ғасырды!
Сөйлесем сілкінер бір дәуір. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Сөйлесем сілкінер бір дәуір. Танакөз
Сөйлесем сілкінер бір дәуір, О, несі ішінен тынғаны? Күтудің салмағы зілмауыр Еңсемді көтертпей тұрғаны.
Астанаға ақпан келді. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Астанаға ақпан келді. Танакөз Толқынқызының
Астанаға ақпан келді, Әлеміме сен келдің.
Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым. Танакөз
Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым, Күнә емес, Күн әлем боп ашылды.
Танакөз Толқынқызының өлеңдері Танакөз Толқынқызының өлеңдері
Жас ақын Танакөз Толқынқызының бұл жинағына махаббат, достық, сүйіспеншілік жайлы лирикалық өлеңдері еніп отыр. Автордың әрбір туындысынан өзіндік
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×