ойын сауық отауы
Сөйлесем сілкінер бір дәуір. Танакөз Толқынқызының өлеңдері.
03.08.2018 1 260 0 Дауыл

Сөйлесем сілкінер бір дәуір. Танакөз Толқынқызының өлеңдері.

Өлеңдер
Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Сөйлесем сілкінер бір дәуір
Сөйлесем сілкінер бір дәуір,
О, несі ішінен тынғаны?
Күтудің салмағы зілмауыр
Еңсемді көтертпей тұрғаны.

Әңгіме тыңдаймын құлықсыз,
Білмеймін дәл қазір нақ кіммін?
Іздеймін біреуді ырықсыз,
Егіліп жылауға шақ тұрмын.

Шақ тұрмын күл болып кетуге,
Бір дауыл тұрады - ау кешікпей!
Бір - ақ сәт гүл болып кету де,
Бір - ақ сәт өбісу өшікпей.

Үнсіздік – ең ауыр жаза бұл,
Азабын мен ғана айта алам.
О, жетер, бүгінгі мазағың
Жетеді... тіл қатшы қайтадан...
Танакөз Толқынқызының басқа өлеңдерін қарау

Астанаға ақпан келді. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Астанаға ақпан келді. Танакөз Толқынқызының
Астанаға ақпан келді, Әлеміме сен келдің.
Үнсіз отырмашы! Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Үнсіз отырмашы! Танакөз Толқынқызының өлеңдері.
Үнсіз отырмашы! Сұп - суық болып тұр күн неге? Деші Үнсіз отырмашы, бірдеңе деші...
Мен азаптың аузындағы шылыммын! Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Мен азаптың аузындағы шылыммын! Танакөз
Мен азаптың аузындағы шылыммын! Сораптайды құшырланып ол мені. Мен – шығынмын! Шырын мұңға сатылғам, Көк түтін боп тұншықтырам бөлмені.
Мен - өртпін. Танакөз Толқынқызының өлеңі. Мен - өртпін. Танакөз Толқынқызының өлеңі.
Мен – өртпін. Күресе алмайсың. Өртеуден жіп есе алмайсың. Мендегі тегеурін - алапат, Сен оған ілесе алмайсың.
Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым. Танакөз
Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым, Күнә емес, Күн әлем боп ашылды.
Танакөз Толқынқызының өлеңдері Танакөз Толқынқызының өлеңдері
Жас ақын Танакөз Толқынқызының бұл жинағына махаббат, достық, сүйіспеншілік жайлы лирикалық өлеңдері еніп отыр. Автордың әрбір туындысынан өзіндік
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×