Үнсіз отырмашы! Танакөз Толқынқызының өлеңдері.
Өлеңдер
Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Үнсіз отырмашы!
Үнсіз отырмашы!
Сұп - суық болып тұр күн неге? Деші
Үнсіз отырмашы, бірдеңе деші...
Қалай сүйетініңді айт!
Көңілді отырып та Егіліп...
Өртеніп... Күйетініңді айт! Айта алмасаң,
«Тәңірім - ау! Енді не істейін?»
– деп сұрауыңа болады.
Айта алмасаң, оның орнына
жылауыңа болады...
Махаббат туралы тек шық сөйлесін!
Махаббат туралы өксік сөйлесін...
Махаббат туралы өкпе сөйлесін.
Сөйлесін... тіпті текке сөйлесін...
Махаббат туралы көктем сөйлесін!
Жай сөйлемесін ол!
Өктем сөйлесін!
Махаббат туралы жүрегің тұрмақ
сүйегің сөйлесін!
Махаббат туралы кемсеңдеген
иегің сөйлесін!
Адайы домбыраның шегі үзіліп?
Тиегі сөйлесін.
Махаббат туралы бізді күтіп
күреңіткен алаңқай сөйлесін!
Махаббат туралы жан айқай сөйлесін!
Үнсіз отырмашы!
Одан да жылай сал...
Танакөз Толқынқызының басқа өлеңдерін қарау
Үнсіз отырмашы!
Сұп - суық болып тұр күн неге? Деші
Үнсіз отырмашы, бірдеңе деші...
Қалай сүйетініңді айт!
Көңілді отырып та Егіліп...
Өртеніп... Күйетініңді айт! Айта алмасаң,
«Тәңірім - ау! Енді не істейін?»
– деп сұрауыңа болады.
Айта алмасаң, оның орнына
жылауыңа болады...
Махаббат туралы тек шық сөйлесін!
Махаббат туралы өксік сөйлесін...
Махаббат туралы өкпе сөйлесін.
Сөйлесін... тіпті текке сөйлесін...
Махаббат туралы көктем сөйлесін!
Жай сөйлемесін ол!
Өктем сөйлесін!
Махаббат туралы жүрегің тұрмақ
сүйегің сөйлесін!
Махаббат туралы кемсеңдеген
иегің сөйлесін!
Адайы домбыраның шегі үзіліп?
Тиегі сөйлесін.
Махаббат туралы бізді күтіп
күреңіткен алаңқай сөйлесін!
Махаббат туралы жан айқай сөйлесін!
Үнсіз отырмашы!
Одан да жылай сал...
Танакөз Толқынқызының басқа өлеңдерін қарау
Кеудем неге сөйлеп тұр төгіліп күй. Танакөз
Кеудем неге сөйлеп тұр төгіліп күй? Үздіктірген бұл неткен еңілік күй? Еркелеймін. Күлемін. Ынтығамын. Сүйер болсаң, дәл мендей егіліп сүй!
Сөйлесем сілкінер бір дәуір. Танакөз
Сөйлесем сілкінер бір дәуір, О, несі ішінен тынғаны? Күтудің салмағы зілмауыр Еңсемді көтертпей тұрғаны.
Мен азаптың аузындағы шылыммын! Танакөз
Мен азаптың аузындағы шылыммын! Сораптайды құшырланып ол мені. Мен – шығынмын! Шырын мұңға сатылғам, Көк түтін боп тұншықтырам бөлмені.
Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым. Танакөз
Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым, Күнә емес, Күн әлем боп ашылды.
Танакөз Толқынқызының өлеңдері
Жас ақын Танакөз Толқынқызының бұл жинағына махаббат, достық, сүйіспеншілік жайлы лирикалық өлеңдері еніп отыр. Автордың әрбір туындысынан өзіндік