ойын сауық отауы
Ана туралы өлеңдер мен тақпақтар
04.07.2018 7 296 0 Дауыл

Ана туралы өлеңдер мен тақпақтар

Өлеңдер
Ана туралы өлеңдер мен тақпақтар
Ана туралы жыр
(Әні бар)

Мереке күніңмен
Қарсы алдым өзіңді.
Сәбилік үніммен
Арнаймын сөзімді.

Көргенше алаңмын,
Аңсаймын, толғанам;
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған.

Бөбегің оянса,
Ұйқыңнан мың тұрдың.
Гүліңмен балауса
Көктемдей құлпырдың.

Аялап алақан,
Әлпештеп өсірген.
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген.

Сырымды ұғатын,
Өзіңсің қуатым.
Күнімсің шығатын,
Айымсың туатын.
О. Иманалиев

Абзал ана
Өлеңін жазған – Ж. Молдағалиев
Әнін жазған – Б. Дәлденбаев

Солғанша гүлім күнде тоңып,
«Ана!», «Ана!» деп ән салам.
Кетейін мейлі жүзге толып,
Бөбекпін мен маған.

Қайырмасы:
Ана, ана, ана
Мәңгі дос сен ғана.
Абзал ана, ана,
Көңілің кең дала.
Данасың сен,
Дарасың сен.
Анажан аңсаған,
Арналды ән саған.

Қарызбын әжім, ақ шашыңа,
Көзіңнің жасына.
Өзіңсің бақыт бақшасы да,
Өмірдің басы да.
Қайырмасы.

Ақ мамам
Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім!» - дейтін.

Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе, мен де
Батырларша батылданам.

Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Ақ мамамды мен әрқашан
Жүрсем деймін шаттандырып.
Ф. Оңғарсынова

Анам маған:- Үлкенді сыйла,- деген
Анам маған: - Үлкенді сыйла, - деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Атамнан қалған мұра – ізеттілік,
Арымды соған қойған күзеттіріп.
Адалдық – менің сәби Айбарым ғой,
Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.
М. Мақатаев

Анама
Өмірімнің қап - қараңғы түнінде,
Еш не білмес түсім бе я өңім бе
Оң менен сол, от пенен су айырмас,
Күшсіз, әлсіз, есім білмес күнімде, -

Құшағыңа алдың, сүйдің сен, анам,
Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан балам!»
Ыстық - суық, желге - күнге тигізбей,
Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам.
М. Жұмабаев

Анаңды құрметтемесең
Анаңды құрметтемесең
Анадан несін туасың?
Адамды құрметтемесең
Адамнан несін туасың?

Далаңды құрметтемесең,
Далада несін тұрасың?
Қалаңды құрметтемесең,
Қалада несін тұрасың?

Теңізді құрметтемесең,
Теңізде несін туасың?
Егізіңді құрметтемесең,
Егіз боп несін туасың?

Адам!
Атың қандай зор!
Адамсыз әлем әлем бе?
Адамды сыйлап адал боп,
Адам боп өт әлемде!!
Д. Әбілев

Ана тілегі
Балапандай сәбидің,
Қанаты әсте талмасын.
Арманы ол әр үйдің,
Биіктерге самғасын!

Жол ашыңдар сәбиге,
Болашағын қорғаңдар.
Өсе берсін әр үйде
Бүлдіршіндер – армандар!
С. Оспанов

Бала туралы өлеңдер Бала туралы өлеңдер
Сені қашан көрем деп, Үйге асығып жетем. Үлбір беттен өбем деп, Ұшып - ұшып кетем.
Ана туралы жыр Ана туралы жыр
Анам маған: - Үлкенді сыйла, - деген, Сол сөз маған ізгілік құйған ерен. Үлкендерден ауысқан кішілікті, Үлкендердің өзіне сыйға берем. Атамнан қалған
Балаларға арналған өлеңдер Балаларға арналған өлеңдер
Балаларға арналған әндер тексті
Ақ мамам Ақ мамам
Еркелесем, күлімдейтін, ұрысқаны білінбейтін. Маңдайымнан иіскеп менің, «Құлыншағым, күнім!»- дейтін
Дариға, домбырамды берші маған Дариға, домбырамды берші маған
Дариға, домбырамды берші маған, "Жаныма келші, жарым, келші балам! Бейуақ, іңірдегі көңіліме, Күй болып, күңіреиіп енші, далам.
Azaliya - Өзіңмен бірге Azaliya - Өзіңмен бірге
Azaliya Өзіңмен бірге
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×