Сенің алма бағыңа. Қасым Аманжолов
Өлеңдер
Сенің алма бағыңа...
Қасым Аманжолов
Сенің алма бағыңа
Шыбық шаншып кетіп ем.
Алдағы өмір бағына
Соны белгі етіп ем.
Келдім қайтып майданнан,
Таптым іздеп сені алғаш.
Сол шыбықтан жайқалған
Өсіпті бір алма ағаш.
Тұр жайқалып бағыңда,
Қызығамын, тамсанам.
Өзің де бұл шағыңда
Кем емессің дәл сонан.
Неткен жақсы жер еді
Жас шыбығым жайқалған!
Бір сөз айтқым келеді,
Тіл жетпейді, айта алман.
1945
Қасым Аманжолов
Сенің алма бағыңа
Шыбық шаншып кетіп ем.
Алдағы өмір бағына
Соны белгі етіп ем.
Келдім қайтып майданнан,
Таптым іздеп сені алғаш.
Сол шыбықтан жайқалған
Өсіпті бір алма ағаш.
Тұр жайқалып бағыңда,
Қызығамын, тамсанам.
Өзің де бұл шағыңда
Кем емессің дәл сонан.
Неткен жақсы жер еді
Жас шыбығым жайқалған!
Бір сөз айтқым келеді,
Тіл жетпейді, айта алман.
1945
Қасым Аманжолов Қасым Аманжоловтың өлеңдері қасым аманжолов өлеңдері өлеңдер сенің алма бағыңа текст қасымның өлеңдері
Нұрлы дүние. Қасым Аманжолов өлеңі
Нұрлы дүние, шіркін дәурен, Ойлаймын ғой сені ылғи. Көкейімнен кетпей сәулең, Көкірегімде толқиды күй.
Қара ағаш. Қасым Аманжолов өлеңі
Қашанғы қайсар қария, Қамкөңіл жалғыз қара ағаш! Жағасында дария Қыстай тұрдың жалаңаш. Жасартып сені келді жаз, Бұтағыңда бұлбұл құс.
Алматы. Қасым Аманжолов
Жақсы екен ғой Алматым, Алтын үйек астанам. Осы екен ғой жаннатың Атам қазақ аңсаған. Келдім сені сағынып, Алтын ұям - Алматым.
Алма мен жұмыртқадан дайындалған оңай салат
Алманы үккіштен өткізіңіз немесе майда ұзынша етіп тураңыз.
Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан
Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан қарғамаймын, Не өксітіп кетсін деп армандаймын. Қайғы болсын дер едім жан ашығыш, ойшылдау боп кетесің
Жүрек арызы
"Бас, ием менің. Өзіңнен бұрын жаралғам. Алдымен - менмін, Сонан сон, - сенсің жаралған. Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың,