ойын сауық отауы
Нұрлы дүние. Қасым Аманжолов өлеңі
04.09.2018 3 250 0 Дауыл

Нұрлы дүние. Қасым Аманжолов өлеңі

Өлеңдер
Қасым Аманжолов өлеңі
НҰРЛЫ ДҮНИЕ

Нұрлы дүние, шіркін дәурен,
Ойлаймын ғой сені ылғи.
Көкейімнен кетпей сәулең,
Көкірегімде толқиды күй.
Қатты сырқат үстінде де
Бір сені ойлап қиналамын.
Өңім тұрсын, түсімде де
Сені қайтіп қия аламын.
Тірліктегі тыпыршыған
Бір күніңе не жетеді!
Аулақ, ауру ыңырсыған,
Өмір күйі тербетеді!
Нұрлы дүние – думанды елім,
Жарқылдайсың жас айбынмен.
Бір сен үшін туған едім,
Бір сен үшін жасаймын мен!
1954
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау

Жас дәурен. Қасым Аманжолов өлеңі Жас дәурен. Қасым Аманжолов өлеңі
Жас дәурен – гүл жазира, қайран жазым, Тыңдаған ерке сұлу айтқан назын. Әсерлі ән, көк нөсер күй, сал домбыра, Жігіттің тебірентесің өнерпазын.
Япырай, мына күннің райын - ай! Қасым Аманжолов өлең Япырай, мына күннің райын - ай! Қасым Аманжолов
Япырай, мына күннің райын - ай! Төсектен тәуір болып тұрайын - ай. Десем де қабағын бір қойды - ау ашпай Ерегіскен, енеңді ұрайын - ай!
Семья – шағын мемлекет. Қасым Аманжолов өлеңі Семья – шағын мемлекет. Қасым Аманжолов өлеңі
Семья – шағын мемлекет. Мен – президент, сен – премьер. Арттым саған көп міндет, Премьер жолдас, бер пример. Мен тыңдар деп селт етпес, Ескіліктің
Жаз дидарлы жас ана. Қасым Аманжолов өлеңі Жаз дидарлы жас ана. Қасым Аманжолов өлеңі
Жаз дидарлы жас ана, Жаныңды тос әр күйге. Жасара түс, жасара, Бөбегіңді әлдиле.
Қара ағаш. Қасым Аманжолов өлеңі Қара ағаш. Қасым Аманжолов өлеңі
Қашанғы қайсар қария, Қамкөңіл жалғыз қара ағаш! Жағасында дария Қыстай тұрдың жалаңаш. Жасартып сені келді жаз, Бұтағыңда бұлбұл құс.
Түн ортасы ауғанда. Қасым Аманжолов өлеңі Түн ортасы ауғанда. Қасым Аманжолов өлеңі
Түн ортасы ауғанда Отырсың, жігіт, нені ойлап? Кімнің атын жазасың Қайта - қайта шимайлап. Махаббаттың бұлбұлы, Жүр ғой сенен алыстап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×