ойын сауық отауы
Оңаша ой. Қасым Аманжолов өлеңі
03.09.2018 1 964 0 Дауыл

Оңаша ой. Қасым Аманжолов өлеңі

Өлеңдер
Қасым Аманжолов өлеңі
ОҢАША ОЙ

Біреуге достық жасасам,
Қастық боп қайтады өзіме.
Жүрегімді ұқпай етед шам,
Еркіндеу айтқан сөзіме.
Дүниеде досты көп көрдім,
Бәріне сендім бөбекше,
Жанымнан алып от бердім,
Болса да бір өлексе.
Тіледім оған жақсылық,
Өзімде жетпей жатса да.
Құшақтай бердім қапсырып,
Итеріп көзбен атса да.
Ұғынар дедім достықты,
Болған соң адам баласы.
Осы бір ойым бос шықты.
Жанымда қалды жарасы.
Жеңісім менің жарқ етсе,
Келеді дос боп ант беріп.
Бір жерімнен қалт кетсе
Кетеді шіркін жалт беріп.
Базарым менің ашылса,
Келеді екен саудагер.
Өз пайдасы табылса,
Мұратынан күліп жөнелер.
Дариға, қайда шын досым,
Бар ма, сірә, өмірде.
Өлеңнен басқа кім болсын,
Қалдырмас кіршік көңілде.
8 қаңтар, 1949ж.
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау

Өлең туралы. Қасым Аманжолов өлеңі Өлең туралы. Қасым Аманжолов өлеңі
Отырам кейде құрысып, Бойымда бір жүк жатқандай. Өтеді уақыт жылысып, Өз міндетін атқармай...
Әпкесі мен бөпесі. Қасым Аманжолов өлеңі Әпкесі мен бөпесі. Қасым Аманжолов өлеңі
Әпкесі биыл жетіде, Бөпесі шықты екіге. Екеуі тату соншама, Қай уақытта болса да. Бөпеге беріп қуыршағын, Қолға алып сумка шап - шағын.
О, тағдыр, мені сауықтыр! Қасым Аманжолов өлеңі О, тағдыр, мені сауықтыр! Қасым Аманжолов өлеңі
О, тағдыр, мені сауықтыр! Айтатын жыр ойым бар. Көңлім соған ауып тұр, Алда бір қызық тойым бар, Бір өзім емес көп үшін, Көкірегім толы күйім бар.
Балдақты жігіт Балдақты жігіт
Балдағы бар бір жігітті көрдім де, Қасақана сауал бердім келдім де: «Ғафу, жолдас! Көрінбейд бір аяғың, Кешегі өткен сұрапылда бердің бе?»
Су жағасында. Қасым Аманжолов өлеңі Су жағасында. Қасым Аманжолов өлеңі
Сарғая күтіп көктемді Сап - сары боп су ақты... Шынтаққа алып сексенді, Жағада жалғыз шал жатты.
Нар тәуекел. Қасым Аманжолов өлеңі Нар тәуекел. Қасым Аманжолов өлеңі
Нар тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға, Қайрат шіркін алып шықса қиын ба! Бұл сапарда сүрініп те қалармын, Сонда, досым, мені айыпқа бұйырма!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×