
О, тағдыр, мені сауықтыр! Қасым Аманжолов өлеңі
Өлеңдер
Қасым Аманжолов өлеңі
О, тағдыр, мені сауықтыр!
Айтатын жыр ойым бар.
Көңлім соған ауып тұр,
Алда бір қызық тойым бар,
Бір өзім емес көп үшін,
Көкірегім толы күйім бар.
Сау болып соны шертейін,
Ауыра берсем – қиындар.
Өлең мен күйден жаралған
Мен де бір адам ғажайып.
Құтқаршы, ауру, жараңнан,
Жазылып бір жыр жазайық.
Көңілдің күйін төгейік,
Арманда кеттік демейік.
Бәрін де беріп ел - жұртқа,
Қарыздар болмай өлейік.
1953
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау
О, тағдыр, мені сауықтыр!
Айтатын жыр ойым бар.
Көңлім соған ауып тұр,
Алда бір қызық тойым бар,
Бір өзім емес көп үшін,
Көкірегім толы күйім бар.
Сау болып соны шертейін,
Ауыра берсем – қиындар.
Өлең мен күйден жаралған
Мен де бір адам ғажайып.
Құтқаршы, ауру, жараңнан,
Жазылып бір жыр жазайық.
Көңілдің күйін төгейік,
Арманда кеттік демейік.
Бәрін де беріп ел - жұртқа,
Қарыздар болмай өлейік.
1953
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау
О тағдыр мені сауықтыр денсаулық туралы өлең Қасым Аманжолов Қасым Аманжоловтың өлеңдері қасым аманжолов өлеңдері өлеңдер о тағдыр мені сауықтыр өлең текст қасым аманжоловтың өлеңі о тағдыр мені сауықтыр

Отырам кейде құрысып, Бойымда бір жүк жатқандай. Өтеді уақыт жылысып, Өз міндетін атқармай...

Нұрлы дүние, шіркін дәурен, Ойлаймын ғой сені ылғи. Көкейімнен кетпей сәулең, Көкірегімде толқиды күй.

Япырай, мына күннің райын - ай! Төсектен тәуір болып тұрайын - ай. Десем де қабағын бір қойды - ау ашпай Ерегіскен, енеңді ұрайын - ай!

Мен – табиғат бөбегі, Еркін жанмын еркемін. Аузымда жастық өлеңі, Еркелеп күйім шертемін.

Күйім тасып барады, күйім тасып, Ойнақтайды он саусақ перне басып. Дүниеге қараймын отты көзбен, Терезесін жанымның айқара ашып.

Нар тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға, Қайрат шіркін алып шықса қиын ба! Бұл сапарда сүрініп те қалармын, Сонда, досым, мені айыпқа бұйырма!