ойын сауық отауы
Бөбек бөлеу  (Ана жыры) – Ілияс Жансүгіров
13.10.2018 2 310 0 Дауыл

Бөбек бөлеу (Ана жыры) – Ілияс Жансүгіров

Өлеңдер
Бөбек бөлеу – Ілияс Жансүгіров
(Ана жыры)

Бол - бол бөбек, бол бөбек,
Бөлейін бері кел, бөбек.
Бедерлі бесік, төрт есік,
Төгілте салдым тор төсек.
Бөпешім, бесік - отауын,
Отауыңа кір, бөбек.
Бол - бол бөбек, бел бөбек.
Бүлдіршін шүмек бәйтерек,
Балалы үйрек, бас бармақ,
Күшіне бөбек, бес бөлек.
Саусақайы салбырап,
Бөлеңе қойсын қос білек.
Бол - бол бөпем, бол бөпем;
Бөлесем жөнге көн, көкем.
Көк ала жылқы көлде екен,
Көк ала тайың сонда екен.
Торсығыңды тосайын,
Тұмсық тесей сор, көкем.
Бол - бол бөпем, бол бөпем,
Бөлейін бері кел, көкем.
Жұлдызыңды жұм, көкем,
Жуынып ерте тұр, бөпем.
Алшая атқа мін, бөпем.
Ақтан қара біл, көкем.
Бол - бол бөбек, бол бөбек,
Бөлекең қонған көк өзек.
Көк өзекте көбелек,
Көлге көк құс шүй, бөбек.
Көк өзекте көбелек,
Көбелектей күл, бөбек.
Бол - бол бөбек, бол бөбек.
Боларсың, бөпем, көлкөмек:
Әлпештеген ата - анаң,
Бола қалса мүгедек.
Таңайын, ұйықта, таң атсын.
Түнде оянба, түн түнек.
Бол - бол бөбек, бол бөбек.
Бөріден бөстек ки, бөбек.
Ерінбей еңбек ететін,
Еліңе бол елгезек.
Елгезек болсаң иісін,
Ендеше саған екі емшек.
Бол - бол бөбек, бол бөбек,
Бөгелмей білім біл, бөбек.
Білмесең білім бекерсің,
Бет алдына кетерсің,
Елге есті ер керек,
Ер жет! Есей ертерек.
Ілияс Жансүгіров өмірбаяны, өлеңдері

Балбөбек. Қасым Аманжолов өлеңі Балбөбек. Қасым Аманжолов өлеңі
Ай, балбөбек, балбөбек, балдайсың, Атқан жазғы арайлы таңдайсың. Күлгеніңде көктемгі күндейсің, Күн нұрымен құлпырып гүлдейсің.
Бесік жыры. Қасым Аманжолов өлеңі Бесік жыры. Қасым Аманжолов өлеңі
Ұйықта десем, күлесің, Айналайын күлкіңнен! Ержеткен соң білерсің, «Тұр - тұрлармын» бір күн мен. «Кешіктің, – деп, – сабақтан», Тынышыңды алсам «тұр
Кітап оқыр бір бөбек Кітап оқыр бір бөбек
Жаңбыр жауар себелеп, Жолға шығар ебелек. Гүлге қонар көбелек, Атқа қонар бөгелек.
Жас Мағжанға Жас Мағжанға
Мағжан депті біздің Бәкең баласын, Қарашығым, бүлдірген бөбек, адасым! Сұрайсың ғой: «Қайдан келдің, аға?- деп, Енді қайда жол тартып сен барасың?»
Жұбату Жұбату
Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем. Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін. Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін.
Ана Ана
Үйдің іші ұйқыда, Түн ортасы шамасы. Көзін алмай бесіктен, Бөбек жатыр албырап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×