ойын сауық отауы
Асқар таудың сәні жоқ - Дулат Бабатайұлы
01.10.2018 1 202 0 Дауыл

Асқар таудың сәні жоқ - Дулат Бабатайұлы

Өлеңдер
Асқар таудың сәні жоқ - Дулат Бабатайұлы
Асқар таудың сәні жоқ,
Төрт түліктің қонысы,
Басылмайтын сонысы,
Көк майса белі болмаса;
Өзен, судың сәні жоқ,
Өрлеп құнай қонатын,
Жағасы малға толатын,
Аймақты елі болмаса,
Қопалы жердің сәні жоқ,
Тұңғиық мөлдір үйірім,
Көз болжамас қиырын,
Айдын көлі болмаса.
Ақ ауылдың сәні жоқ,
Топталып жылқы үйездеп,
Ноқталы құлын күйездеп,
Тартқан желі болмаса,
Шешендіктің сәні жоқ,
Сөзіне сүттей ел ұйып,
Қолтығына ел сыйып,
Басына бақыт қонбаса.
Қайырсыз байдан пайда жоқ.
Нашарға жәрдем бермесе.
Кем - кетікті көрмесе,
Көн болып қатса сіреуі,
Екіге сатса біреуі,
Несиенің өсімі,
Мөлшерлі жоқ кесімі,
Үзбей құйса, толмаса.
Сұлулықтың сәні жоқ,
Көрсе қызар күлкі ғой,
Шаруа істемей, сылап бой,
Жол саудаға жолдаса,
Би мен бектің сәні жоқ,
Елін қорғай алмаса,
Тура жолға салмаса.
Ыстығына күймесе,
Суығына тоңбаса;
Батырлықтың сәні жоқ,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Елерген тұлпар ерттеліп,
Толғаулы найза қолға алып,
Тұйғын құстай толғанып,
Сары садақ асынып,
Егескен жауды қашырып,
Ұлын қорып жауынан,
Ереулеген егер дауынан,
Тұтамдақ оқ жонбаса;
Бәрін айт та, бірін айт,
Ұғынар мұны ел қайда,
Елді бастар ер қайда?
Аға сұлтан, абыздар,
Еліңді қамап, көрге айда,
Барса келмес жерге айда.
Күш кеткен соң қолыңнан,
Зарлаудан, сарнау не пайда?

Жастық шақ - Ғалым Мұтанов Жастық шақ - Ғалым Мұтанов
Бәрі де таза, бәрі де ақ. Оралмайтын ол бір бақ. Үмітімен сәні көп, Тойыменен әні көп. Артта қалды қол бұлғап, Қызуы мол жастық шақ!
Оқу - Сәкен Сейфуллин Оқу - Сәкен Сейфуллин
Оқу – білім қызығы, Адамның азығы. Оқу – өмірдің сәні,
Тау туралы мақал - мәтелдер Тау туралы мақал - мәтелдер
Тау туралы мақал - мәтелдер Таулы жердің қыраны көп Асқар тау алыстан көрінеді. Асқар таудай алып бол, Әппақ күндей жарық бол.
Сап - сары жапырақтар Сап - сары жапырақтар
Сап - сары жапырақтар... Сал - сары жапырақтар... Саудырап құлап жатыр атырапқа. Біреудің жанарында, Біреудің табанында, Сап - сары жапырақтар
Қартайған арыстан Қартайған арыстан
Қартайып, Арыстанның әлі кетті, Айбынды жұрт қорқатын сәні кетті. Бетіне жан келмейтін уақыттар Артына бір қарамай, бәрі кетті.
Ақсақ Темір сөзі Ақсақ Темір сөзі
«Жиһан деген нe нәрсе?- Алақанның ауданы! Бір ауданда көй Тәңірі Болудың тіпті жоқ сәні.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×