ойын сауық отауы
Көлбақа менен юпитер - Спандияр Көбеев
06.02.2019 3 059 0 Дауыл

Көлбақа менен юпитер - Спандияр Көбеев

Өлеңдер
КӨЛБАҚА МЕНЕН ЮПИТЕР - Спандияр Көбеев
Батпақты тастап бақа, болғасын жаз,
Орын ап тау басынан болып жүр мәз,
Су көп қой ол уақытта әрбір жерде
Үй салып рақаттанып тұрды біраз.
Бақаның бұл қуанышы ұзақ емес,
Не үшін соның жайын еттік қеңес,
Жаз өтіп, шілде келіп сарша тамыз,
Тау басы қыран жерлер кепті дөңес.
Шыланар шыбын аяғы болмады дым,
Бір тамбай көктен тамшы қуарып тым,
Биіктен орын алған үйді тастап,
Көлбақа сусыз болды өлетұғын.
Көлбақа тілек етті жатып енді,
Болдым деп өлетұғын осы күнде,
Өлтірме мен байғұсты рақымыңды ет,
Су беріп тау басымен бірдей жерге.
Тау басы су болса екен топан қаптап,
Жер жүзі көз жетпейтін болып аппақ,
Тартылып тұрған жерім кеппесе екен
Соқса да қызыл аңызақ, тары да аптап,
Көлбақа осылайша тұрды зарлап,
Ертеден кешке шейін тынбай сарнап,
Ақырында күдер үзіп, тіл тигізді,
Юпитер деген тасты сөгіп ақымақ.
— Ақылсыз,— дейді, сонда юпитер,
Жатырсын текке өліп мұнда бекер.
Пайдасыз бес тиындық ақылыңа,
Дейсің бе күллі жұртты суға кетір.
Одан да таудан түсіп аяңдасаң,
Батпаққа болды уақыт сенің жетер,
Көбі - ақ бұл кездегі адамзаттың,
Ұқсайды ғибратына үшбу хаттың,
Көл тастап тауға шыққан бақадай - ақ,
Тілегі бір басына ақымақтың.
Болады бір өзіне берсе алла,
Жамандық тілегені бөтен жанға,
Шіркіннің бес тиындық іші ашымас,
Өзі аман дүниені өрт алса да.

Қарашекпен әм жылан - Спандияр Көбеев Қарашекпен әм жылан - Спандияр Көбеев
Болды дос жылан менен қарашекпен Жүргіншіден айналдырып азды - көпте Мужиктің іш - баурына кіріп алды, Ақылды бір өнерпаз залым екен.
Әкім тілеген көлбақалар - Спандияр Көбеев Әкім тілеген көлбақалар - Спандияр Көбеев
Бір күні шалшықтағы көлбақалар, Жан - жағын жинауға бір етіпті жар. Бұзылып халық кетті бетімен деп, Қызметсіз құр тұрудың не мәні бар.
Пәлеге ұшыраған қарашекпен - Спандияр Көбеев Пәлеге ұшыраған қарашекпен - Спандияр Көбеев
Бірі іреп, бірі сойып жиылған көп, Дал ҚЫЛДЫ басын сордың әр неме деп. Мың, түрлі сол арада ақыл берді, Шынында бір тиындық пайдасы жоқ.
Аю менен мүсәпір шал - Спандияр Көбеев Аю менен мүсәпір шал - Спандияр Көбеев
Дос болсай шынымен бол, ықыласпен Бас тартпай қызметінен достың қосқан, Ләззәті бір - біріне балдай болсын, Сырттағы күйінгендей болса дұшпан,
Маймыл менен көзілдірік - Спандияр Көбеев Маймыл менен көзілдірік - Спандияр Көбеев
Жауыздың сақтаныңыз тіліне ермей, Ғасыға тек жүрмеңіз ғақыл бермей, Бір маймыл қартайғанда қор болыпты, Байғұстың бұрынғыдай көзі кермей.
Өгіз бен бақа Өгіз бен бақа
Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді, Жағалап суаты бар жерге келді. Шілденің сарша тамыз ыстық кезі, Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×