ойын сауық отауы
Қауіпті достар - Спандияр Көбеев
01.03.2019 984 0 Дауыл

Қауіпті достар - Спандияр Көбеев

Өлеңдер
ҚАУІПТІ ДОСТАР - Спандияр Көбеев
Жауыздың алдар кезде тілі тәтті,
Көрінер балдан зия инабатты,
Кіріп ап іші - бауырына бір момынның, 
Қолына түскеннен соң зар жылатты.
Келеді ең әуелі шынын айтып,
Жамандық етпестей боп енді қайтып,
Аппақ боп судан шыққан сүйріктей - ақ
Білгізбес залымдығын тілмен байытып.
Қиылып тұрар шіркін ант - су ішіп,
Өлем деп сенің үшін отқа түсіп,
Алғасын соңына ертіп оңашаға
Тап берер ұялмастан залым күшік.
Үшеу сөз үлгі бізге жақсылардан,
Пайдасын милләт алса не дүр арман,
Мысалы ғибраттың хикаяты,
Бір қора қойға келген қасқырлардан.
Қасқырлар қойға келіп етті сыбыр,
Сіздерге еткеніміз біздің, жәбір,
Қалмасын қойшың біліп, итін, сезіп,
Келіп ек достасуға осында бір.
Рияны тастап айтайық сөздің шынын,
Тазалап кірін жуып ішін - тысын
Қойшы мен сені баққан төбетіңнің
Тиеміз біз сіздерге қорлығы үшін.
Жамандық ойлағаны бізге олардың,
Қолынан келсе етпейтін жоқ қаһарың,
Сіздерді момын байғұс, еңіретіп
Ызасын алып жүрміз біз солардың,.
Сөзіміз біздің сізге барымыздың,
Келгені сол - ақ болды халымыздың,
Қойшы мен итті тастап қырға шықсаң,
Қызмет етер едік жанымызбен.
Әркімге берсін алла сәләмәтті,
Жақсылық ниетпен көп шындықты айттық,
Сендерге кім тиеді, ойлаңдаршы,
Оңаша шыққаннан соң бізден батып.
Қасқырдың бұл сөзіне қойлар нанды,
Байғұстар не себепті есін танды?
Қорадан ақырындап шұбырумен
Ешкімге білдірместен қырға барды.
Жан ашып бұларға енді болысатын,
Бақташы итіменен кейін қалды.
Сол еді тілегені қасқырлардың,
Қойлардың бұл ісіне көп қуанды.
Достарын оңашаға шығарып ап,
Бірін де тастамастан қырып салды.

Өтірікші - Спандияр Көбеев Өтірікші - Спандияр Көбеев
Бұл кезде атқа мінген жігіттердің, Білмеймін шаһар халқын қырдағы елдің, Жанымен пар өтірік бір қыссасы Кім біледі қашан барып түзелерін.
Қарға - Спандияр Көбеев Қарға - Спандияр Көбеев
Осылай масқара боп батыр қарға, Қарқылдап, байбаламдап жатыр қарға, Қойшылар қанат-құйрығын бірдей жұлып, Беріпті ойнаңдар деп балаларға.
Көлбақа менен юпитер - Спандияр Көбеев Көлбақа менен юпитер - Спандияр Көбеев
Батпақты тастап бақа, болғасын жаз, Орын ап тау басынан болып жүр мәз, Су көп қой ол уақытта әрбір жерде Үй салып рақаттанып тұрды біраз.
Қарашекпен әм жылан - Спандияр Көбеев Қарашекпен әм жылан - Спандияр Көбеев
Болды дос жылан менен қарашекпен Жүргіншіден айналдырып азды - көпте Мужиктің іш - баурына кіріп алды, Ақылды бір өнерпаз залым екен.
Құмырысқа менен шегіртке - Спандияр Көбеев Құмырысқа менен шегіртке - Спандияр Көбеев
Адам көп ойламайтын жан пайдасын, Біреудің өзімсініп мал мен басын. Ah ұрып ақырында мехнат көрер, Кемітіп қатарынан ғазиз басын.
Қасқыр менен қозы - Спандияр Көбеев Қасқыр менен қозы - Спандияр Көбеев
Арамдап әй, ақмақ, аузың, малып. Сөзіңе құлақ қоймас болса жаман, Жақындап бері келші маған таман, Суымды әдейі келген бүлдіргенде, Не қылсам болады
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×