ойын сауық отауы
Ұры мен баласы - Сәбит Дөнентаев
05.03.2019 2 042 0 Дауыл

Ұры мен баласы - Сәбит Дөнентаев

Өлеңдер
ҰРЫ МЕН БАЛАСЫ - Сәбит Дөнентаев
Көз салмас ұры неге қарны ашқан соң,
Аяғын арамдыққа бір басқан соң
Жанында бір кішкене баласы бар,
Жөнелді бақша жаққа кеш батқан соң.
Ұрлықтың жақсы емесін білер бала,
Әйтсе де әке айтқан соң барма шара?
Алмаққа алма салып ойлары бар,
Қолына келе жатыр қапшық ала.
Бақшаға бір мезгілде жетті келіп,
Ұры айтты баласына тұра қала:
«Балам, сен осы арада тұр қозғалмай.
Жасырын ешбір жаққа қадам салмай,
Қалмайық қапылыста кезге түсіп,
Қарап тұр төңірекке, көзіңді алмай».
Айтқандай тұрды бала қозғалмастан,
Бақшаға таман ұры қадам басқан,
Алмадан бара сала үзіп жатыр,
Асығып алды - артына қарамастан.
Сол кезде әкесіне бала келіп,
Айтады ақырындау (дыбыс беріп):
«Не болды енді ісіміз біздің, әке?
Тұр қазір мына арада біреу көріп».
Қалтылдап өне бойы, дір - дір етіп,
Жалма - жан алма ағаштан түсе қалып,
Баладан сұрап жатыр келіп жетіп:
«Апырмау, о кім, балам, қашан керді?
Қай жермен жүріп, қайда, қалай келді?»
Жас бала сол уақытта әкесіне:
«Ол бізді көріп тұрған құдай» деді.
Білмеді не айтарын жазған ұры,
Ұялып текке қарап, тұрды құры.
Ұрыдан ұрлық кетті мұнан кейін,
Еріген кар секілді жазғытұры.
Бұл емес жаңа шыққан бір жат хабар,
(Мұндай іс әркімде бар, әрқайда бар)
Жүз жерден бала түгіл үлкен айтсын,
Хақ сөзге таупық етер жан қайда бар?

Өлімге - Сәбит Дөнентаев Өлімге - Сәбит Дөнентаев
Қартаймайтын, қалмайтын, бабай өлім, Бар ма, сірә, біреуді аяр жерің? Сен катысқан жұмысқа қарсы келіп, Ауыз ашар адам жоқ, қозғап ерін.
Абайғa - Сәбит Дөнентаев Абайғa - Сәбит Дөнентаев
Бәрі бала жас еді, Бәрі ұйқыда мас еді Барлық қазақ баласы. Сонда ішінен жарқ етіп, Ақыл ойын сарп етіп, Жөн бастаған данасы!
Қожа - Сәбит Дөнентаев Қожа - Сәбит Дөнентаев
Бір ақмақ қожа дейтін бопты бұрын, Қараңыз бұл қожаның ақмақтығын, Жер қазды ай - далада бір күн қожа, Аямай барлық күшін, көрмей шығын.
Күз Күз
Сап - сары күз соныменен келді ме, Ағаштардан жапырақтар төгілді. Несібесін жинап жатыр ел міне, Ауыл маңы бұрынғыдан көңілді.
Құстар қайтып барады Құстар қайтып барады
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып, Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып. Зымырайды менің бала кезімдей, Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей.
Тау өзені тентек қой, тасып жатыр Тау өзені тентек қой, тасып жатыр
Тау өзені тентек қой, тасып жатыр, Ақ көбігін аспанға шашып жатыр. Арғы жаққа отарын өткізе алмай, Бала шопан айғайға басып жатыр.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×